Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаcын бекіту туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 93 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3131 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 06.05.2015 № 271 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасы бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаңабаев

  Махамбет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "11" ақпан № 93 қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасы

      1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген қағидаларынының бекіту қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағиданың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, мұнда:
      Ап- жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс- 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф-жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын мүліктің жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды көлік құралдарын және баска да тұтынылмайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын мүліктің алпыс пайыздан аса тозуы кезінде қолданады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде) қолданылады.
      4. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықты, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24, мұнда:
      Ач – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының сағатына мөлшерлемесі;
      Ап –аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының жылына мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

  Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасына қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері


Базалық мөлшерлемесі
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеменің мөлшері
1
Махамбет ауданы
Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш
 
 
 


Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1,0
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылыту) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
4.1 аудан орталығы үшін
1,0
4.2 ауылдық елді мекендері үшін      
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банкттердің, "Казпошта" акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін (қол жетімділігі шектеулі коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады),
2,0
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3,0
5.3 оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін
1,9
5.4 қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
 
5.5.1 орта, техникалық, кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру
0,9
5.5.2 мектепке дейінгі білім беру
0,8
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы асхана, буфеттер мен жатақханалар үшін
0,5
5.8. қызмет түрлері үшін 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
6.1 сауда- делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, бейкоммерциялық ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

      

Об утверждении Правила расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 11 февраля 2015 года № 93. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 17 марта 2015 года № 3131. Утратило силу постановлением Махамбетского районного акимата Атырауской области от 6 мая 2015 года № 271

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 06.05.2015 № 271.
      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Утвердить прилагаемое Правило расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
       Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района М. Сейткалиева.
       Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Е. Жанабаев

  Утверждено постановлением акимата Махамбетского района от "11" февраля 2015 года № 93

Правило расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

      1. Настоящее Правило расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) (далее – Правило) разработано в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" и определяет порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению к настоящему Правилу и осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, где:
      Ап – ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц в год;
      Рбс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S – арендуемая площадь, квадратный метр;
      Кт-коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кк - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кск - коэффициент, учитывающий степень комфортности;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      3. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других, не потребляемых вещей, осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam /100 х Кп, где:
      Ап -ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие не потребляемые вещи в год;
      С-остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета.
При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других не потребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов, остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);
      Кп-понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других не потребляемых вещей более шестидесяти процентов - в размере 0,8, при предоставлении субъектам малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населения, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности, - в размере 0,5).
      4. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда, а также оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц, осуществляется по следующей формуле:
      Ач=Ап/12/Д/24, где:
      Ач – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие, не потребляемые вещи, находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, в час;
      Ап – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие не потребляемые вещи, находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, в год;
      Д – количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем.

  Приложение к Правилу расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Базовая ставка и размеры применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя


Базовая ставка
 
Административно-территориальная единица
Размер базовой ставки
1
Махамбетский район
1,5 месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год

      


Вид коэффициентов
Размер коэффициента
1
Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):
 
1.1 офисное
1,0
1.2 производственное
0,8
1.3 складское, гаражное, котельная
0,6
1.4 спортивные сооружения (стадионы, спортивные залы)
0,7
2
Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кк):
 
2.1 отдельно стоящее строение
1,0
2.2 встроено-пристроенная часть
0,9
2.3 цокольная (полуподвальная) часть
0,7
2.4 подвальная часть
0,6
3
Коэффициент, учитывающий степень комфортности (Кск):
 
3.1 для помещений со всеми инженерно-техническими устройствами (электрическая энергия, канализация, водоснабжение, отопление) при отстутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый вид
1,0
4
Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):
 
4.1 для районного центра
1,0
4.2 сельских населенных пунктов
0,5
5
Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):
 
5.1 для расчетно-кассовых центров банков, Акционерного общество "Казпочта" для обслуживания населения (в зданиях районных коммунальных юридических лиц с ограниченным доступом применяется понижающий коэффициент - 0,5)
2,0
5.2 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор
3,0
5.3 для организации торговли в зданиях общежитии учебных заведений
1,9
5.4 для организации общественного питания
1,5
5.5 для организации услуг в области:
 
5.5.1 среднего, технического, профессионального, послесреднего образования
0,9
5.5.2 дошкольного образования
0,8
5.6 для организации услуг в области здравоохранения, культуры и спорта
1,0
5.7 для организации питания сотрудников, оказания бытовых услуг в зданиях коммунальных юридических лиц с пропускной системой (ограниченным доступом), а также для столовых, буфетов и общежитий учебных заведений
0,5
5.8 для видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 5.1-5.7.
1,9
6
Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):
 
6.1 для субъектов малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению, за исключением торгово-посреднической деятельности
0,9
6.2 для акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) пятьдесят и более процентов акций (долей участия) и получающих не менее 90 процентов дохода от выполнения бюджетных программ, в случае предоставления письменного подтверждения государственного органа, осуществляющего права владения и пользования государственным пакетом акций.
0,8
 
6.3 для благотворительных и общественных объединении, некоммерческих организаций
0,5
 
6.4 для остальных
1,0