"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-3-158 тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымда "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Айманакумов |