Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 08.09.2021 № 7-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және аудандық әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № ХХ-10 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2821 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2014 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:1-жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;
5-жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандарман ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы А. Аққайнанов) жүктелсін.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.
Сессия төрағасы: | А. Аққайнанов |
Мәслихат хатшысы: | Т. Бейсқали |