"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Меншік нысанына қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындарының жалпы санының:
1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жыл сайынғы квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 18.12.2015 № 252 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Әжіғалиев |