Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 170-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерлерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 293-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 3187 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 59-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 11.11.2021 № 59-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және аудандық әкімдіктің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 43 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 170-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2822 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетіне 2013 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-қосымшасының:

      1-жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      5-жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандарман ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХІІІ сессиясының төрағасы А. Ищанов
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов

О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 170-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей"

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 21 апреля 2015 года № 293-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 22 апреля 2015 года № 3187. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 11 ноября 2021 года № 59-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 11.11.2021 № 59-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и рассмотрев постановления районного акимата от 19 февраля 2015 года № 43, районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 170-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2822, опубликованное 19 декабря 2013 года в газете "Макат тынысы") следующие изменения:

      в приложении 2:

      в строке 1 цифры "100 000" заменить цифрами "200 000";

      в строке 5 цифры "5 000" заменить цифрами "25 000".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (председатель Д. Алтаева) районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечения законности.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Настоящее решение сохраняет действия с 1 января 2015 года до 31 декабря 2015 года.

      Председатель внеочередной
      ХХХІІІсессии районного маслихата А. Ищанов
      Секретарь районного маслихата Т. Жолмагамбетов