"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 тіркелген бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 207 қаулысына қосымша |
2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары
Ескерту: 1 (бірінші) - ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақ;
2 (екінші) - ылғалы орташа тәлімі аймақ;
3 (үшінші) - ылғалы жеткілікті тәлімі аймақ;
4 (төртінші) - суармалы егіншілік аймақ:
Бірінші аймаққа Ордабасы, Отырар, Созақ, Мақтарал, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түркістан, Кентау қалалары;
Екінші аймаққа Бәйдібек ауданы мен Шымкент қаласы;
Үшінші аймаққа Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт аудандары;
Төртінші аймаққа барлық қала, аудан кіреді.