Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 25.05.2018 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Б.Оспанов | |
Б.Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
Р.Исаева |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "14" тамыз № 245 қаулысына қосымша |
"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасында көрсетілген сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушымен арызды беру болып келеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тексереді және қабылдайды (30 минут);
3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарды сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі бар ұсыныс туралы хабардар етеді (жеті күн);
4) мемлекеттік органдар сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытындылар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (отыз күнтізбелік күн);
5) көрсетілетін қызметті беруші облыстың жергілікті атқарушы органның қаулы жобасын әзірлейді (отыз күнтізбелік күн);
6) көрсетілетін қызметті беруші сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы тиісті қаулы қабылдайды, сыйға тарту шартын әзірлейді (жиырма күнтізбелік күн);
7) Мүлікті қабылдаушы мемлекеттік орган мүлікті қабылдау-беру актісін жасайды (он бес жұмыс күн).
5-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
Ескерту. 2 бөлім 5-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сақтау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсіміне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері;
3) мемлекеттік органдар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Мемлекеттік органдар | Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері | Әкімдік, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері | |
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тексереді және қабылдайды | Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарды сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі бар ұсыныс туралы хабардар етеді (жеті күн) | Мемлекеттік органдар сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытындылар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (отыз күнтізбелік күн) |
Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы; | Көрсетілетін қызметті беруші облыстың жергілікті атқарушы органның қаулы жобасын әзірлейді (отыз күнтізбелік күн) | Көрсетілетін қызметті беруші сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы тиісті қаулы қабылдайды, сыйға тарту шартын әзірлейді (жиырма күнтізбелік күн) | Мүлікті қабылдаушы мемлекеттік орган мүлікті қабылдау-беру актісін жасайды (он бес жұмыс күн) |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі; |