"Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 431 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
      23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 431
қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және облыстың коммуналдық меншігін басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10 құрылыс, пошталық индексі 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындау және әзірлеу;
      2) облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру.
      16. Функциялары:
      1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
      2) жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз ету;
      3) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергiлiктi бюджеттер бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу;
      4) бюджеттік мониторинг жүргізу;
      5) облыстық бюджеттің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
      6) облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу және қызмет көрсету;
      7) бюджеттік кредитердің тіркелуін, есепке алынуын және мониторингін жүзеге асыру;
      8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдары белгілеген тәртіпте бюджет есептілігін жасау және ұсыну, облыстық бюджет пен облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ шоғырланған қаржы есептілігін жасау;
      9) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүзеге асыру;
      10) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
      11) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      12) облыс әкімдігіне қарасты жүз пайыз акциясымен (үлесімен) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
      13) облыстық коммуналдық мүлiктi облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
      14) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      15) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      16) облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беруді ұйымдастыру;
      17) коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне мемлекеттiк мүлiктi беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      18) "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемелкеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      19) мемлекеттік сатып алулардың рәсімдеріне мониторинг жүргізу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функциялары шегiнде шешiмдер қабылдау;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;
      3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен мәселелердi қарау;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады.
      3) сенiм хат бередi;
      4) заңнамалармен, облыс әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление финансов Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 28 декабря 2015 года № 431. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 21 января 2016 года № 3535. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление финансов Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить
      на заместителя акима области Садыра Е.А.
      Аким области Б.Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жылкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Приложение к постановлению
акимата Южно-Казахстанской
области от 28 декабря 2015 года
№ 431

ПОЛОЖЕНИЕ
о государственном учреждении "Управление финансов Южно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере организации исполнения областного бюджета и управления областной коммунальной собственностью.
      2. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Каратауский район, жилой массив Нурсат, проспект Астана, строение № 10, почтовый индекс 160023.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление финансов Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление финансов Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход областного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области": реализация государственной политики в сфере организации исполнения областного бюджета.
      15. Задачи:
      1) подготовка и составление отчета об исполнении областного бюджета и бюджета области;
      2) организация работы по управлению областной коммунальной собственностью.
      16. Функции:
      1) организация исполнения областного бюджета;
      2) обеспечение исполнения местных бюджетов;
      3) составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам по местному бюджету;
      4) осуществление бюджетного мониторинга;
      5) ведение бюджетного учета исполнения областного бюджета;
      6) погашение и обслуживание долга местного исполнительного органа области;
      7) осуществление регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов;
      8) составление и представление бюджетной отчетности, отчета об исполнении областного бюджета и бюджета области, а также составление консолидированной финансовой отчетности в порядке, установленном центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета;
      9) осуществление мониторинга государственных концессионных обязательств местных исполнительных органов;
      10) разработка проектов нормативных правовых актов в сфере управления областным коммунальным имуществом в пределах своей компетенции;
      11) учет областного коммунального имущества, обеспечение его эффективного использования;
      12) осуществление мониторинга финансово-хозяйственной деятельности государственных предприятий на праве хозяйственного ведения и акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью, сто процентов акций (долей) которых принадлежат акимату области;
      13) закрепление областного коммунального имущества за областными коммунальными юридическими лицами;
      14) организация работ по осуществлению приватизации областного коммунального имущества;
      15) организация работ по предоставлению областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе;
      16) передача областного коммунального имущества из одного вида государственной собственности в другой;
      17) организация работ по передаче государственного имущества из одного уровня местного государственного управления коммунальным имуществом в другой;
      18) организация и проведение государственных закупок по обеспечению деятельности государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области";
      19) ведение мониторинга процедур государственных закупок.
      17. Права и обязанности:
      1) принимает решения в пределах возложенных на него задач и функций;
      2) в установленном законодательством порядке запрашивает и получает от государственных органов, организаций и физических и юридических лиц документы и информацию необходимую для выполнения своих функции, а также представляет информацию другим государственным органам;
      3) рассматривает в пределах своей компетенции вопросы, поступающие от юридических и физических лиц;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы.

3. Организация деятельности государственного управления

      18. Руководство государственным учреждением "Управление финансов Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19.Первый руководитель государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области":
      1) издает в соответствии с действующим законодательством приказы, обязательные для работников государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" и подведомственных организаций;
      2) назначает и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области", а также руководителей и заместителей руководителей подведомственных организаций;
      3) выдает доверенность;
      4) осуществление иных функции, возложенных на него законодательством, акиматом и акимом области.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные расходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление финансов Южно-Казахстанской области" относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление финансов Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление финансов Южно-Казахстанской области" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.