"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 23/119 "Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2627 тіркелген, 2014 жылдың 30 сәуірдегі "Шаян" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Б.Омарбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Спабеков |