"Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 38/214 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 тамызда № 3304 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 45/254 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы мәслихатының 20.01.2016 № 45/254 шешiмiмен.
      "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы
А.Құлымбет
      Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
уақытша атқарушы
Б.Қалаубай

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2015 жылғы "16" шілдедегі
№ 38/214 шешіміне қосымша

"Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      5. Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      6. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып табылады.
      Комиссия хатшысы болып Бәйдібек аудандық мәслихат аппаратының персоналды басқару қызметін қоса атқаратын қызметкері табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшілерге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Комиссия хатшысы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын Комиссия хатшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия хатшысына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      Ескерту. 13-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 41/229 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия хатшысы бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы Комиссия хатшысына оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      17. Комиссия хатшысы осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Комиссия хатшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      23. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      24. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы аудандық мәслихат аппаратында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      25. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  "Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық
мәслихат аппараты мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда):__________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):
 
 
Таныстым:
Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _________
күні_________________________________________
қолы________________________________________
Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):____________
күні_____________________
қолы_____________________

 
  "Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық
мәслихат аппараты мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә..(бар болған жағдайда):________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________


р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 

 
  "Б" корпусындағы Бәйдібек аудандық
мәслихат аппараты мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік орган атауы)


р/р
Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _____________Күні:___________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________ Күні:________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: ________________Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата Байдибекского районного маслихата корпуса "Б"

Решение Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 16 июля 2015 года № 38/214. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 3 августа 2015 года № 3304. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 января 2016 года № 45/254

      Сноска. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20.01.2016 № 45/254.
      В соответствии с пунктом 27 Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Байдибекский районной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата Байдибекского районного маслихата корпуса "Б" согласно приложениям к настоящему решению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата А. Кулымбет
      Временно исполняющий обязанности
      секретаря районного маслихата Б. Калаубай

  Приложение к решению
Байдибекского районного
маслихата
от "16" июля 2015 года № 38/214

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата Байдибекского районного маслихата корпуса "Б"
1. Общие положения

      1. Настоящая методика (далее – Методика) ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих (далее – служащие) аппарата Байдибекского районного маслихата корпуса "Б".
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      5. Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      6. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее - Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      10. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата районного маслихата.
      Секретарем Комиссии является сотрудник работающий с персоналом аппарата Байдибекского районного маслихата (далее – Секретарь комиссии). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Секретарь Комиссии формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункта 5 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от секретаря Комиссии, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист секретарю комиссии в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае секретарем Комиссии и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      Сноска. Пункт с изменениями, внесенными решением Байдибекского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 28.10.2015 № 41/229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется секретарем Комиссии не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      17. Секретарь Комиссии осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      18. Оценка лицами, указанных в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется секретарем Комиссии не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Секретарь комиссии обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки Секретаря комиссии при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      23. Секретарь Комиссии ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае секретарем Комиссии в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      24. Документы, указанные в пункте 21 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в аппарате районного маслихата.

7. Обжалование результатов оценки

      25. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

  Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
аппарата
Байдибекского районного
маслихата корпуса "Б"

      Форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 
Ознакомлен(а):
Служащий
Ф.И.О. (при его наличии)_______________
дата ________________________________
подпись _____________________________
Непосредственный
руководитель
Ф.И.О. (при его наличии)_____________
дата________________________________
подпись ___________________________

 
  Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих аппарата
Байдибекского районного
маслихата корпуса "Б"

      Форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:_____________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________


п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 

 
  Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
аппарата
Байдибекского районного
маслихата корпуса "Б"

      Форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________
      (наименование государственного органа)

№ п/п

Ф.И.О. (при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1
 
 
 
 

 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:___________________ Дата: _______________________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии:________________ Дата: _______________________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии:________________________ Дата: ______________________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)