Сноска. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 2/321 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. «Сайрам ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Ш.Халмурадов
Сайрам ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 ақпандағы
№ 125 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
Р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемi |
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны |
Қаржыландыру көздері |
1 |
«Ақсукент ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақбұлақ ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Арыс ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, |
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау |
Тұрғындарды әр аула бойынша аралау және жұмыссыздар туралы мәлімет жинау (500 аула) |
11 |
Жергілікті бюджет |
2 |
«Ақсукент ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақбұлақ ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Арыс ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, |
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау. |
5000 дана |
122 |
Жергілікті бюджет |
3 |
«Ақсукент ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақбұлақ ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Арыс ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, |
Аумақты экологиялық сауықтыру және елді мекендерді көріктендіру |
6 гектар |
130 |
Жергілікті бюджет |
4 |
«Ақсукент ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақбұлақ ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Арыс ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2800 іс құжат |
93 |
Жергілікті бюджет |
5 |
«Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
800 іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
6 |
«Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
1000 іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
7 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2500 іс құжат |
25 |
Жергілікті бюджет |
8 |
«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
700 іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
9 |
«Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
600 іс құжат |
3 |
Жергілікті бюджет |
10 |
«Сайрам аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
600 іс құжат |
3 |
Жергілікті бюджет |
11 |
«Сайрам ауданы әкімдігінің «Болашақ» Сайрам балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру |
7 гектар |
10 |
Жергілікті бюджет |
12 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу |
160 сағат |
30 |
Жергілікті бюджет |
13 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаменті» мемлекеттік мекемесі «Сайрам аумақтық бөлімі» филиалы |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
700 іс құжат |
6 |
Жергілікті бюджет |
14 |
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
600 іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
Барлығы: |
455 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.