"Б" корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 362 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 3213 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 27.01.2016 № 77 қаулысымен.

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2 тармағына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

Сайрам ауданы әкімдігінің 2015
жылғы 13 мамырдағы № 362
қаулысымен бекітілген

«Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (әрі қарай – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан құралады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшылары мен ауыл окург әкімдері үшін бағалау аудан әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарымен немесе аудан әкімі аппаратының басшысымен өткізіледі.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлектетік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны аудан әкімі құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып аудан әкімі аппаратының басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) (бұдан әрі - Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі)) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшыны ң бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын персоналды басқару бөлімінен (кадр қызметі) алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару бөліміне (кадр қызметі) қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару бөліміне (кадр қызметі) жіберіледі.
      16. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 баллға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
      2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару бөлімінде (кадр қызметі) сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

«Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі
аппаратының қызметшілері мен аудандық
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың және ауыл округі әкімі
аппараттарының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)___________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):



Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда) _________
күні_______________
қолы_______________

Тікелей басшы
(Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда) _______
күні _________________________________
қолы _________________________________

«Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі
аппаратының қызметшілері мен аудандық
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың және ауыл округі әкімі
аппараттарының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)__________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_____________________________ 


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)


Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



«Б» корпусындағы Сайрам ауданы әкімі
аппаратының қызметшілері мен аудандық
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың және ауыл округі әкімі
аппараттарының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

Бағалау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы_____________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы) 


р/н

Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





...





Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы: _______________ Күні: __________________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы:_______________  Күні: _________________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия мүшесі: ________________ Күні: __________________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата акима Сайрамcкого района и административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и аппаратов акима сельских округов корпуса "Б"

Постановление акимата Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 13 мая 2015 года № 362. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 17 июня 2015 года № 3213. Утратило силу постановлением акимата Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 27 января 2016 года № 77

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 27.01.2016 № 77.

      В соответствии с пунктом 27 Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и пунктом 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б», утвержденной приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86, акимат Сайрамского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата акима Сайрамского района и административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и аппаратов акима сельских округов корпуса «Б» согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Б.Тургынбекова.

      Аким района                                У.Кайназаров 

Утверждена постановлением
акимата Сайрамского района
от 13 мая 2015 года № 362

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата акима Сайрамcкого района и административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и аппаратов акима сельских округов корпуса «Б»

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика (далее – Методика) ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата акима Сайрамского района и административных государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и аппаратов акима сельских округов корпуса «Б» разработана для реализации Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата акима Сайрамского района и административных государственных служащих (далее – служащие) исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и аппаратов акима сельских округов корпуса «Б».
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего.
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и акимов сельских округов оценка проводится акимом района либо по его уполномочию его заместителем или руководителем аппарата акима района.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается акимом района.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима района.
      Секретарем Комиссии является сотрудник отдела управления персоналом (кадровая служба) аппарата акима района (далее – отдел управления персоналом (кадровая служба)). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Отдел управления персоналом (кадровая служба) формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Отдел управления персоналом (кадровая служба) уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и напрявляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от отдела управления персоналом (кадровая служба), ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и возвращает заполненный оценочный лист в отдел управления персоналом (кадровая служба) в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работник отдела управления персоналом (кадровая служба) и непосредственный руководитель служащего в произвольной форме составляют акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяет отдел управления персоналом (кадровая служба) не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в отдел управления персоналом (кадровая служба) в течение двух рабочих дней со дня их получения от отдела управления персоналом (кадровая служба).
      16. Отдел управления персоналом (кадровая служба) осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется отделом управления персоналом (кадровая служба) не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      выше 33 баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Отдел управления персоналом (кадровая служба) обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Отдел управления персоналом (кадровая служба) предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Отдел управления персоналом (кадровая служба) ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником отдела управления персоналом (кадровая служба) в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в отделе управления персоналом (кадровая служба).

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

Приложение 1 к Методике ежегодной оценки
деятельности административных государственных
служащих аппарата акима Сайрамкого района и
административных государственных служащих исполнительных
органов, финансируемых из районного бюджета и
аппаратов акима сельских округов корпуса «Б»

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:____________

      Должность оцениваемого служащего: __________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий Ф.И.О. (при его наличии)________________
дата____________________
подпись_________________

Непосредственный руководитель Ф.И.О. (при его наличии)________
дата____________________________
подпись_________________________

Приложение 2 к Методике ежегодной оценки
деятельности административных государственных служащих
аппарата акима Сайрамкого района и административных
государственных служащих исполнительных органов,
финансируемых из районного бюджета и аппаратов
акима сельских округов корпуса «Б»

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии)оцениваемого служащего:_____________

      Должность оцениваемого служащего: __________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



ИТОГО (сумма всех оценок):


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



ИТОГО (сумма всех оценок)



Приложение 3 к Методике ежегодной оценки
деятельности административных государственных служащих
аппарата акима Сайрамкого района и административных
государственных служащих исполнительных органов,
финансируемых из районного бюджета и аппаратов
акима сельских округов корпуса «Б»

Протокол заседания Комиссии по оценке_____________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п

Ф.И.О.
(при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









Заключение Комиссии:

____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
 
Проверено:
Секретарь Комиссии:_______________ Дата: ___________________
                   (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
Председатель Комиссии:_____________ Дата: __________________
                   (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
Член Комиссии:_____________________ Дата: __________________
                   (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)