Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының 13.01.2016 № 232 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Созақ ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
1) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
2) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
3) жұмыссыз әйелдер.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Исаев