«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауылдық округінің № 3 көшесіне Атабек Асылбековтің есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Байкөбекке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі Б.Аметов