"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 77 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 3073 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 155 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2253 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 30 наурыздағы "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Төлеби ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы М.Пернебеков

О внесении изменений в постановление акимата Толебийского района от 20 февраля 2013 года № 158 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Постановление акимата Толебийского района Южно-Казахстанской области от 10 февраля 2015 года № 77. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 11 марта 2015 года № 3073. Утратило силу постановлением акимата Толебийского района Южно-Казахстанской области от 6 мая 2016 года № 155

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Толебийского района Южно-Казахстанской области от 06.05.2016 № 155.
      В соответствии с пунктом 1 статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктами 5-5), 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Толебийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Толебийского района от 20 февраля 2013 года № 158 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 2253, опубликовано 30 марта 2013 года в газете "Ленгер жаршысы") следующие изменения:
      в преамбуле слова "подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" заменить словами "пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Толебийского района" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию в органах юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Толебийского района и информационно-правовой системе "Әділет";
      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Толебийского района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Р. Бейсебаевой.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Временно исполняющий
      обязанности акима района М. Пернебеков