Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 25/12-06 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381 бабына, 387 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/4-05 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2379 номермен тіркелген) Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13 аймақтарда, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Нұранов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | А.Сапаров |