Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабы 2 – тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3 - 1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2015 жылға арналған субсидиялардың көлемдері;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2015 жылға арналған өлшемдер мен талаптар;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері;
4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері;
5) осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары;
6) осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2015 жылғы "21" 03
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 1 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2015 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.12.2015 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 2 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2015 жылға арналған өлшемдер мен талаптар
1. Технологиялық құрал-жабдықтарға, ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауға арналған үй-жайлардың болуы.2. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауды ұйымдастыру үшін технологиялық жабдықтардың және ілеспе материалдың болуы.
3. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланған ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларының болуы.
4. 1 ұрықтандырушыға жылдық орташа жүктелім 240 бастан кем емес.
5. 1 басқа ұрықтандырушы бұқалардың ұрығына қажеттілік – 2,5 доза.
6. 1 дозаның құны – 750 теңгеден артық емес.
7. 1 аналық мал басын ұрықтандыруға ұрық дозасының шығыны – 1875 теңгеден кем емес.
8. Техник-ұрықтандырушының қызметіне жұмсалатын шығындар – 1000 теңгеден кем емес.
9. Өзге шығындар (электр энергиясы, газ, су, сұйық азот, натрий цитраты, дезинфекциялық құралдар) – 125 теңгеден артық емес.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 3 қосымша |
Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу үшін 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 4 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялардың нормативтері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 5 қосымша |
Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары
1. Есептік жылдың 1 қаңтарында маралдардың (бұғылардың) мал басының қолда бары 300 – ден кем емес, бұның ішінде аналық мал басының 100 бастан кем емес болуы.2. Бейіндік ғылыми ұйымның немесе маралдарды (бұғыларды) өсіруге маманданған ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.
3. Элита класты және 1 класты асыл тұқымды маралдардың (бұғылардың) асыл тұқымдық үлес салмағы:
1) бұғылар - барлық бұғылар санының 40%;
2) аналықтар – барлық аналық мал басының 55%.
4. 100 аналыққа шаққанда алынатын төл - 30 бастан кем емес.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 74 қаулысына 6 қосымша |
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізудің 2015 жылға арналған өлшемдері мен талаптары
1. Есептік жылдың 1 қаңтарында бал ара ұяларының 100-ден кем емес (асыл тұқымды бал ара ұяларының көктемгі тексерудің актісі негізінде 100-ден кем емес) болуы.2. Бейіндік ғылыми ұйымның немесе бал араларын өсірумен айналысатын ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.
3. Элита және 1 кластың үлес салмағы 50% кем емес.
4. Ветеринариялық–санитариялық іс-шараларды міндетті түрде жүргізу.