Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабы 2 - тармағының 12 - 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6 - 1 - бабының 18) тармақшасына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 - 2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2015 жылғы "17" 06
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "16" маусымдағы № 147 қаулысына қосымша |
2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормалары
р/с № | Дақыл | Аймақтар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) 1 гектарға арналған ең төменгі нормалары, килограмм | ||||||
1 | Бидай | 7,372 | 7,917 | 6,849 | 6,349 | 5,872 |
2 | Арпа | 13,112 | 14,178 | 12,092 | 11,119 | 10,192 |
3 | Тары | 0,227 | 0,236 | 0,209 | 0,193 | 0,177 |
4 | Сұлы | 4,845 | 5,144 | 4,462 | 4,099 | 3,754 |
5 | Күздік қара бидай | 15,745 | 17,066 | 14,481 | 13,676 | 12,502 |
6 | Қарақұмық | 1,447 | 1,585 | 1,317 | 1,195 | 1,079 |
7 | Жүгері (будан) | 31,2 | 32,5 | 29,9 | 28,6 | 27,3 |
8 | Дәнді – бұршақты | 27,124 | 29,048 | 24,489 | 21,991 | 19,633 |
9 | Қытай бұршағы | 0,870 | 0,949 | 0,795 | 0,724 | 0,679 |
10 | Рапс | 0,717 | 0,807 | 0,631 | 0,631 | 0,551 |
11 | Мақсары | 0,416 | 0,449 | 0,384 | 0,354 | 0,326 |
12 | Зығыр | 1,447 | 1,585 | 1,317 | 1,195 | 1,079 |
13 | Күнбағыс (сорт) | 0,542 | 0,627 | 0,463 | 0,390 | 0,323 |
Күнбағыс (будан) | 7,8 | 7,8 | 7,8 | 7,8 | 7,8 | |
14 | Қыша, басқа майлы дақылдар | 0,073 | 0,080 | 0,067 | 0,062 | 0,057 |
15 | Картоп | 278,787 | 301,990 | 258,744 | 239,085 | 220,867 |
16 | Біржылдық шөптер | 0,050 | 0,056 | 0,044 | 0,039 | 0,034 |
17 | Дәнді көпжылдық шөптер | 24,7 | 26 | 23,4 | 22,1 | 20,8 |
18 | Бұршақты көпжылдық шөптер | 24,7 | 26 | 23,4 | 22,1 | 20,8 |
2 (екінші) аймақ – тау бөктерлі далалы,
3 (үшінші) аймақ – қуаң далалы,
4 (төртінші) аймақ – ұсақ шоқылы шөлейтті,
5 (бесінші) аймақ – шөл далалы.
Бірінші аймаққа Катонқарагай ауданы және Риддер қаласы кіреді.
Екінші аймаққа Глубокое, Зырян, Шемонаиха, Көкпекті аудандары және Өскемен қаласы кіреді.
Үшінші аймаққа Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Күршім, Ұлан, Үржар аудандары және Семей қаласы кіреді.
Төртінші аймаққа Аягөз ауданы кіреді.
Бесінші аймаққа Зайсан және Тарбағатай аудандары кіреді.