Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2015 жылға арналған нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2015 жылғы "17" 06 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "16" маусымдағы № 146 қаулысына 1 қосымша |
2015 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі
р/с № | Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы |
1 | Жаздық бидай |
2 | Күздік бидай |
3 | Күздік қара бидай |
4 | Қарақұмық |
5 | Тары |
6 | Арпа |
7 | Сұлы |
8 | Дәнді-бұршақты дақылдар |
9 | Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, зығыр, жаздық рапс, күздік рапс, қыша, арыш, қытай бұршақ) |
10 | Картоп |
11 | Көкөніс және бақша дақылдары |
12 | Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер |
13 | Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер |
14 | Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
15 | Біржылдық мал азығы дақылдары |
16 | Судан шөбі |
17 | Сүрлемдік жүгері және күнбағыс |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "16" маусымдағы № 146 қаулысына 2 қосымша |