Құжаттын мәтінінде түпнұсканын пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 - 2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "16" шілдедегі № 173 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері
р/с | Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар атауы | Субсидиялар сомасы, теңге |
1 | Аягөз | 12 126 724 |
2 | Бесқарағай | 10 244 481 |
3 | Бородулиха | 80 078 536 |
4 | Глубокое | 37 444 355 |
5 | Жарма | 10 447 996 |
6 | Зайсан | 13 892 006 |
7 | Зырян | 27 809 818 |
8 | Катонқарағай | 29 491 562 |
9 | Көкпекті | 63 523 739 |
10 | Күршім | 5 146 161 |
11 | Тарбағатай | 6 580 816 |
12 | Үржар | 72 981 051 |
13 | Ұлан | 35 739 497 |
14 | Шемонаиха | 51 450 444 |
15 | Өскемен қаласы | 2 006 018 |
16 | Семей қаласы | 13 095 476 |
17 | Риддер қаласы | 2 804 319 |
Жиыны: | 474 863 000 |