Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.02.2024 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) "Дидар", 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулыға 1- қосымшада:
реттік сандары 1, 5, 16, 17, 23, 38, 39 жолдары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік саны 40-1 жолымен толықтырылсын:
"
40-1 | "Мерей" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Дитц Андрей Юрьевич") | Қабанбай батыр көшесі, № 76 үй |
реттік сандары 44, 45, 46 жолдары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік саны 59-1 жолымен толықтырылсын:
"
59-1 | "Айғыз 1" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Кызбаев Талгатбек Айтмухаметулы") | Әуезов көшесі, № 30б үй |
мынадай мазмұндағы "Зайсан ауданы" бөлімімен толықтырылсын:
"
Зайсан ауданы | ||
66 | "Рус Дин" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Акмадияр Назигуль") | Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, № 64 үй |
аталған қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік сандары 26-1, 26-2 жолдарымен толықтырылсын:
"
26-1 | Ырғызбай ауылдық округі, "Әулие Ырғызбай" кесенесі, намазхана |
26-2 | Қарасу ауылдық округі, Қараой елді мекені, намазхана |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |