Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2–тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) 2–тармағының іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 3-2-10/29430 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды 2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3886, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 47 (17136) "Дидар", 2015 жылғы 28 сәуірдегі (19647) № 48 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "15" желтоқсандағы № 344 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 74 қаулысына 1 қосымша |