Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі N 10643 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3930 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1, 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 2-қосымшаларға сәйкес Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 10643 қаулысына
1-қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "№ 18 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 10643 қаулысына
1-1-қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "Ахмер орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы

      Ескерту. Қаулы 1-1-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 10643 қаулысына
1-2-қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "Абай атындағы № 33 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы

      Ескерту. Қаулы 1-2-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 10643 қаулысына
1-3-қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "№ 42 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы

      Ескерту. Қаулы 1-3-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 10643 қаулысына
1-4-қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "№ 49 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы

      Ескерту. Қаулы 1-4-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2024 № 1858 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы " 09 " 04
№ 10643 қаулысына
2 қосымша

Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі 1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен бала-лардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және бала-лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оныҺң алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      20. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 09 апреля 2015 года N 10643. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 мая 2015 года N 3930

      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска согласно приложениям 1, 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 2 к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата города Усть - Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска Т. Касымжанов

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09 апреля 2015 года № 10643

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска в коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 18" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области

      Сноска. Приложение 1 в редакции постановления акимата города Усть - Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



  Приложение 1-1
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09 апреля 2015 года № 10643

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска в коммунальное государственное учреждение "Ахмеровская средняя школа" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области

      Сноска. Постановление дополнено приложением 1-1 в соответствии с постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



  Приложение 1-2
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09 апреля 2015 года № 10643

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска в коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 33 имени Абая" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области

      Сноска. Постановление дополнено приложением 1-2 в соответствии с постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



  Приложение 1-3
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09 апреля 2015 года № 10643

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска в коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 42" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области

      Сноска. Постановление дополнено приложением 1-3 в соответствии с постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



  Приложение 1-4
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09 апреля 2015 года № 10643

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска в коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 49" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области

      Сноска. Постановление дополнено приложением 1-4 в соответствии с постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 27.05.2024 № 1858 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



  Приложение 2
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 09.04.2015 года
№ 10643

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Усть-Каменогорска
1. Порядок перевозок детей

      1. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями законодательства к перевозке пассажиров и багажа автомобильным транспортом.
      2. Перевозчиком детей (далее – Перевозчик) является организация обра-зования, использующая для перевозки принадлежащие ей автобусы, с соблюдением требований законодательства к перевозкам пассажиров и багажа.
      3. Перед выполнением перевозок Перевозчик оформляет решение об организации перевозки детей приказом, регламентировав в нем обязанности водителя, сопровождающих лиц, маршрут следования и мероприятия по обеспечению безопасности детей.
      4. При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмот-ренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, Перевозчик отменяет рейс и немедленно принимает меры по доведению информации об этом до перевозимых детей.
      5. При неблагоприятных изменениях дорожных условий в иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием, не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения).
      6. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, Перевозчик назначает ответственных сопровождающих лиц из числа своих сотрудников, прошедших подготовку по методам оказания доврачебной помощи и специаль-ный инструктаж по обеспечению безопасности при перевозке детей автобу-сами.
      7. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения в организации образования.
      8. Для перевозки детей допускаются водители, отвечающие требованиям законодательства Республики Казахстан.
      9. Водителю автобуса при перевозке детей не допускается:
      1) следовать со скоростью более 60 км/час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      6) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.
      10. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.
      11. При подъезде транспортного средства сопровождающие не должны допускать выхода детей ему навстречу и нахождения их у проезжей части.
      12. Сопровождающие подводят детей к месту посадки в организованном порядке (младших детей – построенных попарно). Посадка производится через переднюю дверь автобуса.
      13. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса и во время остановок.
      14. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя.
      15. Во время поездки сопровождающие не допускают, чтобы дети: 
      1) стояли и ходили по салону;
      2) прислонялись к дверям и окнам;
      3) ставили тяжелые и неустойчивые личные вещи на верхние полки;
      4) размещали ручную кладь в проходах и на площадках у входов (выходов);
      5) высовывались в оконные проемы; 
      6) выбрасывали из окон мусор и какие-либо иные предметы;
      7) отвлекали водителя от управления транспортным средством, кроме сообщений о ситуации, угрожающей здоровью и жизни пассажиров, направленных на предотвращение несчастного случая;
      8) пользовались аварийным оборудованием в ситуациях, не угрожающих жизни и здоровью пассажиров;
      9) открывали двери;
      10) дрались, толкались, устраивали подвижные игры.
      16. Высадка детей из автобуса во время стоянок (остановок) осуществляется через переднюю дверь. Первым из автобуса выходит сопровождающий. Во время стоянок (остановок) сопровождающий находится возле передней части автобуса и наблюдает за высадкой детей и за тем, чтобы дети не выбегали на проезжую часть дороги.
      17. При высадке из автобуса каждый из детей переносит личные вещи одной рукой, а другой при спуске по ступенькам должен держаться за поручень. Рюкзаки и сумки, носимые через плечо, учащиеся должны снять с плеч и взять в руки, чтобы не потерять равновесие и не травмировать других пассажиров.
      18. При высадке сопровождающие не допускают, чтобы дети:
      1) двигаясь к двери, толкались, дрались;
      2) спрыгивали со ступенек;
      3) обходили транспортное средство со стороны проезжей части, выходили на нее;
      4) устраивали подвижные игры вблизи проезжей части.
      19. После высадки сопровождающие:
      1) пересчитывают детей, прибывших к месту назначения;
      2) в организованном порядке сопровождают их от места высадки и площадок для стоянки автобусов.

2. Заключительные положения

      20. Отношения по перевозкам в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города, не урегулированные настоящим порядком, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.