РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 мамырында, 2014 жылдың 29 мамы-рында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |