Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 09.11.2023 № 12/70-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 10–тармағының 4) тармақшасында:
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 82,5 айлық есептік көрсеткіш;";
үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 47,6 айлық есептік көрстекіш;";
төртінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 47,6 айлық есептік көрсеткіш;";
бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 47,6 айлық есептік көрсеткіш;";
жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 12,7 айлық есептік көрсеткіш";".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Рахымғалиев |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |