Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Курчатов қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 86 Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 06 сәуірдегі 3841 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 16 (1026) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген каулымен бекітілген Ережедегі:
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімінде:
17-тармақта:
1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары С. М. Кенжебековқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | Н. Нұрғалиев |