"Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 396 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 3917 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 03.05.2016 № 338 қаулысымен (қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 2016 жылғы 18 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "02" сәуір
№ 396 қаулысымен бекітілді

"Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Риддер қаласы аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
      2. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, К. Семенова көшесі, 19.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру, қалалық бюджетті орындауын қамтамасыз ету, қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды жүзеге асыру.
      16. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
      2) кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
      4) қалалық бюджетті атқару;
      5) бюджеттік есепке алуды жүргізу және қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
      6) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
      17. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) Риддер қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
      2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
      3) қалалық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
      4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
      5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
      6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
      7) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      8) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      9) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      10) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
      11) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
      12) жүйелі жинақтау және бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
      14) бюджеттік ақшамен басқарады;
      15) қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
      16) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қала әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
      18) бюджеттік ақшамен басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
      19) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      21) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
      22) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
      23) қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
      24) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      25) қалалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
      26) қалалық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
      27) сенімгерлікпен басқарушының қалалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      28) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      29) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      30) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
      31) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады;
      32) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
      33) иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов города Риддера"

Постановление акимата города Риддера Восточно-Казахстанской области от 02 апреля 2015 года № 396. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 апреля 2015 года № 3917. Утратило силу - постановлением акимата города Риддера Восточно-Казахстанской области от 03 мая 2016 года № 338

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Риддера Восточно-Казахстанской области от 03.05.2016 № 338 (вступает в силу с момента подписания и вводится в действие с 18 мая 2016 года).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Риддера ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов города Риддера", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Риддера Ж. Муратов

  Утверждено постановлением
акимата города Риддера
от "02" апреля 2015 года № 396

Положение о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов города Риддера"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет в пределах своей компетенции функции в сфере стратегического, экономического, бюджетного планирования и исполнения городского бюджета, ведения бухгалтерского, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению городского бюджета, составления консолидированной финансовой отчетности, управления коммунальной собственностью на территории города Риддера.
      2. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 071300, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Риддер, улица К. Семеновой, 19.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера".
      10. Учредителем государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" является Государство в лице местного исполнительного органа города Риддера.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" осуществляется из местного бюджета города Риддера.
      13. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Риддера" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      14. Режим работы государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера"

      15. Миссия государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера": осуществление государственного управления в сфере стратегического, экономического и бюджетного планирования, реализация приоритетных направлений социально-экономического развития города, обеспечение исполнения городского бюджета, эффективное управление городской коммунальной собственностью.
      16. Задачи государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера":
      1) разработка основных направлений социально-экономической политики и осуществление мониторинга социально-экономического развития города;
      2) разработка проекта городского (местного) бюджета на предстоящий финансовый год на основе экономически обоснованного планирования доходов и расходов в соответствии с действующим законодательством и организация его исполнения;
      3) экономический анализ, прогнозирование социально-экономического развития города и оценка хода реформ;
      4) исполнение городского бюджета;
      5) ведение бюджетного учета и составление бюджетной отчетности по исполнению городского бюджета;
      6) управление городским коммунальным имуществом.
      17. Функции государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера":
      1) организовывает разработку прогноза социально - экономического развития и бюджетных параметров города Риддера и участвует в разработке и обеспечении реализации городских программ развития в пределах своей компетенции;
      2) определяет ожидаемый объем поступлений денег в бюджет в предстоящем плановом периоде;
      3) направляет информацию в городскую бюджетную комиссию о необходимости пересмотра годовых плановых назначений по отдельным бюджетным программам (подпрограммам) как в текущем, так и в предстоящем плановом периоде;
      4) анализирует и прогнозирует наличность денежных ресурсов по местному бюджету;
      5) ведет мониторинг за ходом освоения бюджета развития, инвестиционных проектов;
      6) осуществляет анализ и оценку управления коммунальным имуществом;
      7) организует работу по исполнению городского бюджета;
      8) координирует деятельность администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;
      9) составляет прогноз потоков наличности, который является процессом по определению ожидаемых объемов поступлений в бюджет и исполнения расходов на планируемый период, профицита (дефицита) наличности и источников его покрытия;
      10) составляет, утверждает и ведет сводные планы финансирования по обязательствам, сводные планы поступлений и финансирования по платежам;
      11) осуществляет регистрацию бюджетных кредитов, выданных за счет средств бюджета, их учет и мониторинг;
      12) осуществляет бюджетный мониторинг посредством систематического сбора и анализа показателей исполнения бюджета;
      13) согласовывает утверждаемый администраторами бюджетных программ сводный план поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг) государственного учреждения, остающихся в его распоряжении;
      14) управляет бюджетными деньгами;
      15) проводит мониторинг движения денег на контрольном счете наличности городского бюджета;
      16) обеспечивает ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению городского бюджета;
      17) рассматривает ходатайства о выделении средств из резерва акимата города в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      18) осуществляет ежегодную оценку эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из городского бюджета по управлению бюджетными деньгами;
      19) организует и проводит мониторинг осуществления государственных закупок государственными органами, учреждениями и предприятиями;
      20) разрабатывает нормативные правовые акты в сфере управления государственным имуществом в пределах своей компетенции;
      21) управляет городским коммунальным имуществом;
      22) закрепляет городское коммунальное имущество за городскими коммунальными юридическими лицами;
      23) организует учет городского коммунального имущества, обеспечивает его эффективное использование, в установленном порядке ведет реестр государственного имущества;
      24) осуществляет приватизацию городского коммунального имущества, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      25) предоставляет городское коммунальное имущество без права выкупа в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам;
      26) передает городское коммунальное имущество в безвозмездное пользование государственным юридическим лицам;
      27) осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления городским коммунальным имуществом;
      28) организует работу по передаче государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой;
      29) организует работу по приобретению государством прав на имущество по договору дарения;
      30) проводит анализ предоставления в имущественный наем (аренду) имущества, закрепленного за городскими коммунальными юридическими лицами;
      31) осуществляет организацию и проведение мониторинга функционирования и эффективности управления городскими коммунальными государственными предприятиями, товариществами с ограниченной ответственностью с участием государства;
      32) согласовывает списание имущества государственных учреждений, содержащихся за счет местных бюджетов;
      33) осуществляет работу по выявлению и упорядочению учета бесхозяйных объектов, имущества;
      34) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера":
      1) вносить на рассмотрение руководству города предложения по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов города для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера".

3. Организация деятельности государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера"

      19. Руководство государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Риддера в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера":
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера";
      5) представляет интересы государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата города Риддера;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера"

      22. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел экономики и финансов города Риддера", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Риддера" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера"

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Риддера" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.