РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "14" сәуір № 416 қаулысымен бекітілді |
"Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған, құзыретіне сәйкес ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары салаларындағы басшылықты жүзеге астыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
1) Риддер қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риддер өңірінің ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыретінің шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, К. Семенова көшесі 19а.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
12. Осы Ереже "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Егер "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.16. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары салаларындағы Риддер қаласының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және уақытында ақпараттық-аналитикалық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру;
17. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) агроөнеркәсi кешені субъектiлерiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін дайындау және жүргізу;
4) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласындағы оперативтік ақпараттарды жинауды жүргізу;
5) "Агроөнеркәсіп кешенінің үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
9) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді;
10) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді;
11) Риддер қаласының шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
12) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді;
13) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
14) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
iшкi сауда объектiлерiнде;
жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;
15) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
16) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды;
17) Риддер қаласының аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
18) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
20) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
21)"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
22) иесі жоқ жер учаскелерін анықтайды және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
23) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
24) ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;
25) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру бойынша қаланың атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
26) мемлекет мұқтажы үшiн жер телімдерін мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
27) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
28) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекiтеді;
29) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастырады және жер учаскелерін қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiтеді;
30) жердi аймақтарға бөлу жобаларын, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жерлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен сызбаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
31) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
32) жер сауда-саттықтарын (конкурстарды, аукциондарды) жүргiзудi ұйымдастырады;
33) жерлердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;
34) облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жерлерінің балансын жасау;
35) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді;
36) ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын береді;
37) жер учаскесін сатын алу-сату шарттары мен жалдау, жерді уқытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасайды және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
38) Жер кодексінің 71 бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органымен рұқсат беру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды;
39) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
40) пайдаланылмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықпен пайдаланған жерлерді анықтайды;
41) жерлерді резервте қалдыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
42) жер-кадастрлық жоспарды бекітеді.
18. Құқықтары мен міндеттері:
"Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқылы:
1) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізуге;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыруға;
3) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық етуге;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрауға;
"Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беруге;
2) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынуға;
3) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауларын қамтамасыз етуге;
4) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.
3. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
19. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.20. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;
6) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген, штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес, мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі.
22. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату.
25. "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың тізбесі:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риддер өңірінің ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.