РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының кәсіпкерлік жәнетуризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "14" сәуір № 420 қаулысымен бекітілді |
"Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Риддер қаласының аумағында кәсіпкерлік және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 3А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
"Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.15. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) кәсіпкерлік қызметін қолдауды және қорғауды қамтамасыз етеді;
2) қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық климат үшін жағдайлар құрады;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар құрады;
16. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) кәсіпкерлікті және туризмді мемлекеттік қолдау және дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) кәсіпкерлік мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобасына сараптама жүргізуге талаптанатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін акредиттеу;
3) қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыру;
4) қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық климат үшін жағдайлар құру;
5) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
6) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;
7) қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оны ғылыми сараптамаға жолдау;
инновациялық қызметті және кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым нысандарын құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік органдармен ұсынылатын мәліметтер негізінде қалада кәсіпкерлікті дамыту мен қаржы экономикалық жағдайы туралы ақпаратты дайындау және талдау;
10) мәселелерді қарау барысында құзірет шегінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;
11) қала аумағында туризмдi дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына бередi;
12) қалалық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi;
13) қала аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiреді;
14) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсетедi;
15) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат бередi;
16) қалада турситік соқпақтар мен маршруттар тізілімін жүргізеді;
17) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
17. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.19. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
6) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне мен кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.