"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы N 40/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда N 4358 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау шешіміне:
      2 бөлімнің 10 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек түберкүлездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға, жол жүрулеріне және қосымша азықтарына – күніне 400 (төрт жүз) теңге беріледі.";
      11 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС–індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 160000 (бір жүз алпыс мың) теңге;
      1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС–індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 100000 (бір жүз мың) теңге;";
      11 тармақтың 5) тармақшасының екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 130000 (бір жүз отыз мың) теңге;";
      11 тармақтың 5) тармақшасының сегізінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 70000 (жетпіс мың) теңге;";
      11 тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 70000 (жетпіс мың) теңге;";
      11 тармақтың 5) тармақшасының оныншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 70000 (жетпіс мың) теңге;"
      11 тармақтың 5) тармақшасының он бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталғандарға - 5000 (бес мың) теңге;";
      11 тармақтың 5) тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 2000 (екі мың) теңге;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. КЗЫКЕЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

О внесении изменений и дополнения в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 декабря 2015 года N 40/9-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 января 2016 года № 4358. Утратило силу - решением Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 4 марта 2021 года № 3/6-VII

      Сноска. Утратило силу - решением Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 04.03.2021 № 3/6-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Риддерский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Риддерского городского маслихата от 16 апреля 2014 года № 26/9-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3341, опубликовано 06 июня 2014 года в газете "Лениногорская правда" № 23) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением:
      пункт 10 раздела 2 изложить в следующей редакции:
      "10. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении, на проезд и дополнительное питание – 400 (четыреста) тенге;
      подпункт 3) пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф - 26 апреля:
      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий
      на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 160000 (сто шестьдесят тысяч) тенге;
      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах– 100000 (сто тысяч) тенге;";
      абзац второй подпункта 5 пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 130000 (сто тридцать тысяч) тенге;";
      абзац восьмой подпункта 5 пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" - 70000 (семьдесят тысяч) тенге;";
      абзац девятый подпункта 5 пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - 70000 (семьдесят тысяч) тенге;";
      абзац десятый подпункта 5 пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак - 70000 (семьдесят тысяч) тенге;";
      абзац одиннадцатый подпункта 5 пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 5000 (пять тысяч) тенге;";
      подпункт 5 пункта 11 дополнить абзацем следующего содержания:
      "лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 2000 (две тысячи) тенге".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. КЗЫКЕЕВ
      Секретарь городского маслихата И. ПАНЧЕНКО