РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 9 маусымдағы № 326 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3385 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2014 жылғы 25 маусымдағы нөмірі 52 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | Б. Байахметов |