Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылы 23 мамырда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9-тармақ 4)-тармақшаның екінші және сегізінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50,5 айлық есептік көрсеткіштер;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 12,7 айлық есептік көрсеткіштер;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ф. Сатаева |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |