РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Глубокое аудандық мәслихатының регламентiн бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3467 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйектегі "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Глубокое аудандық мәслихатының регламентiнде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Мурзыканова |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |