РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасының, 20-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8, 18-тармақтарының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақысының мөлшері 2016 жылға белгіленген 1,09 ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Оңдақанов |
Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы "28" желтоқсандағы № 675 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
№ р/с | Ұйымдар атауы | Қоғамдық жұмыс түрлерi | Атқарылатын жұмыстар көлемi | Сұраныс (жарияланған қажеттілік) | Ұсыныс (бекітілген) | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | “Зайсан ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Ағымдары жөндеу және абаттандыру жұмыстары | күніне 50-250 шаршы метр | 70 | 40 | Зайсан ауданының бюджеті |
2. | “Зайсан қала әкiмi аппараты” мемлекеттік мекемесі | Кұжаттармен жұмыс және тазалық жұмыстары | күніне 8-10 кұжат, күніне 1000-1200 шаршы метр | 450 | 190 | Зайсан ауданының бюджеті |
3. | “Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы” Республикалық мемлекеттік казынашлық кәсіпорнының Зайсан аудандық бөлімшесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 12-20 құжат | 15 | 8 | Зайсан ауданының бюджеті |
4. | “Зайсан аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі | Құжаттармен жұмыс істеу, ағымдары жөндеу жұмыстары | күніне 15-60 құжат, күніне 250-300 шаршы метр | 40 | 14 | Зайсан ауданының бюджеті |
5. | “Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 30-45 құжат | 15 | 6 | Зайсан ауданының бюджеті |
6. | “Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ШҚО Әділет департаменті Зайсан ауданының Әділет басқармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 10-40 құжат | 15 | 6 | Зайсан ауданының бюджеті |
7. | “Зайсан ауданының прокуратурасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 15-25 құжат | 10 | 5 | Зайсан ауданының бюджеті |
8. | “Х.Мустафина атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Тазалык және абаттандыру жұмыстары | күніне 150-200 шаршы метр | 6 | 6 | Зайсан ауданының бюджеті |
9. | “Қаратал ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Ағымдары жөндеу, абаттандыру жұмыстары | күніне 1500-2000 шаршы метр | 120 | 40 | Зайсан ауданының бюджеті |
10. | “Сартерек ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Абаттандыру және тазалық жұмыстары | күніне 800-2000 шаршы метр | 40 | 20 | Зайсан ауданының бюджеті |
11. | “Қарабұлақ ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Абаттандыру жөне ағымдары жұмыстары | күніне 250-300 шаршы метр | 20 | 15 | Зайсан ауданының бюджеті |
12. | “Бiржан ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Абаттандыру жұмыстары, ағымдар құжаттармен жұмыс | күніне 250-300 шаршы метр, күніне 15 құжат | 25 | 15 | Зайсан ауданының бюджеті |
13. | “Шiлiктi ауылдық округ әкiмінің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Ағымдар құжаттармен жұмыс істеу, абаттандыру жұмыстары | күніне 15 құжат, күніне 550 шаршы метр | 15 | 13 | Зайсан ауданының бюджеті |
14. | “Дайыр ауылдық округ әкiмінің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Абаттандыру және ағымдағы жұмыстар | күніне 800-2000 шаршы метр | 25 | 20 | Зайсан ауданының бюджеті |
15. | “Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары | күніне 800-2000 шаршы метр | 100 | 20 | Зайсан ауданының бюджеті |
16. | “Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі | Абаттандыру және тазалык жұмыстары | күніне 800-2000 шаршы метр | 40 | 20 | Зайсан ауданының бюджеті |
17. | “Зайсан ауданының сәулет, құрылыс тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекетттік мекемесі | Құжаттармен жұмыс істеу | күніне 30-70 құжат | 10 | 4 | Зайсан ауданының бюджеті |
18. | “Зайсан ауданының статистика басқармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 50-100 құжат | 6 | 3 | Зайсан ауданының бюджеті |
19. | ШҚО Әділет департаментінің сот актілерін орындау бойынша Зайсан аумақтық бөлімі филиалы (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 30-50 құжат | 15 | 4 | Зайсан ауданының бюджеті |
20. | Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару Комитетінің “Жер кадастры ғылыми-өнідірістік орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазакстан филиалы Зайсан аудандық бөлімшесі (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс | күніне 15-30 құжат | 10 | 4 | Зайсан ауданының бюджеті |
21. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің “Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы ” Республикалық мемле-кеттік қазыналық кәсіпорнының Зайсан филиалы (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс істеуге көмек | күніне 15-30 құжат | 15 | 7 | Зайсан ауданының бюджеті |
22. | ШҚО мәдениет, мұра-ғаттар және құжаттама басқармасының“ Мемлекеттік мұрағаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Зайсан филиалы (келісім бойынша) | Құжаттармен жұмыс істеуге көмек | күніне 25-50 құжат | 10 | 4 | Зайсан ауданының бюджеті |
23. | “Зайсан аудандық мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | Көгандандыру, абаттандыру жұмыстары | күніне 20-40 шаршы метр | 15 | 2 | Зайсан ауданының бюджеті |
24. | “Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Кұжаттармен жұмыс | күніне 45-80 кұжат | 15 | 4 | Зайсан ауданының бюджеті |
25. | “Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы” (келісім бойынша) | Кұжаттармен жұмыс | күніне 40-50 кұжат | 10 | 3 | Зайсан ауданының бюджеті |
БАРЛЫҒЫ: | | | 1112 | 473 | |
Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күнімен 5 күнді құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.