РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 127 қаулысына қосымша |