РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Байғонұсов |
Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "29" желтоқсандағы № 559 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамасыз сету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады..2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдері, өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 116.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Мемлекеттік органның қысқартылған атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілері мен "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етеді.14. Міндеттері:
1) ақпараттық-талдау;
2) ұйымдық – құқықтық;
3) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады
15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
13) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
14) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
15) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
16) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
17) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
18) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
19) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
20) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
21) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
22) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
23) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
24) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
25) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
26) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді және осы аталған заңды тұлғалардың мекемелеріне басқарушы орган болып табылады;
27) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
28) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
29) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
30) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
31) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
32) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
33) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді, коммуналдық меншікке төленетін жалдау ақысы, коммуналдық меншікті жекешелендіру ақысы жергілікті ауылдық округ әкімі аппаратының шотына төленеді;
34) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
35) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
36) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
37) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
38) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
39) кіріс көздерін қалыптастырады;
40) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
41) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
42) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
43) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдайды;
44) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ветеринарлық пункттерді қызмет бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
16. Құқықтары мен міндеттері:
Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.
"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1) "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде басшылықты бірінші басшысы жүзеге асырады және әкім аппараты жүктелген міндеттерді атқару үшін дербес жауап береді.18. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Катонқарағай ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымы сайланбалы болып табылады.
19. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) әкім аппараты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының негізінде белгіленген тәртіпте Е-G-1, E-G-3, E-G-4 санатты мемлекеттік қызметшілерді және әкім аппаратына техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
4) "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;
6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.21. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
23. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.6. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
24. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:1) "Үлкен Нарын ауылындағы "Балбөбек" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) "Күншуақ" құрама үлгідегі балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.