Күршім ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы N 82 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде N 3819 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы N 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 22.01.2016 N 28 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестациялаудан өткізу қағидаларының 27-тармағының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Үлгілік әдістемесінің 2-тармағының негізінде, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Күршім ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Абилмажиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданының әкімі А.Сеитов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "10 " наурызда
№ 82 қаулысымен бекітілді

Күршім ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Күршім ауданы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Мемлекеттік органдар өз қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, осы Әдістеме негізінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеп, бекітеді.
      3. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      4. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      5. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Аудандық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар басшылары, кенттік, ауылдық округ әкімдері үшін бағалау аудан әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізіледі.
      6. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Күршім ауданы әкімі аппаратының басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы Күршім ауданы кадрлық қызметінің (бұдан әрі -кадр қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Кадр қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын кадр қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметiнiң қызметкерi және қызметшінің тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемесінің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы кадр қызметінен оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр қызметіне жіберіледі.
      17. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орта бағасын есептейді.
      18. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Кадр қызметі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадр қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) Осы әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      23. Кадрлық қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      24. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
      25. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне береді.

  Күршім ауданы әкімдігі
атқарушы органдары
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 1-қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________


Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
р/н
 
(саны)
(балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 

      

Таныстым:
Қызметші
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)___________
күні_____________________________
қолы_____________________________
 
Тікелей басшы
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)______
күні___________________________ 
қолы____________________________

  Күршім ауданы әкімдігі
атқарушы органдары
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________


Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
р/н
 
(саны)
(балл)
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
2-ден 5-ке дейін
 

      

  Күршім ауданы әкімдігі
атқарушы органдары
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 3-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _____________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)


Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
р/р
 
 
 
1
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:____________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі:______________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому района

Постановление акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 10 марта 2015 года № 82. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 03 апреля 2015 года № 3819. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 22 января 2016 года № 28

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 22.01.2016 № 28 (вводится в действие со дня его подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      На оснавании пункта 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункта 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и атестации административных государственных служащих, утвержденных Указам Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, пункта 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказам Председателя Агенства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86, акимат Курчумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому району.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на руковадителя аппарата акима Курчумского района Абилмажинову А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Курчумского района А.Сеитов

  Утверждена
постановлением акимата
Курчумского района
от "10" марта 2015 года № 82

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому району
1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому району (далее - Методика) разработана в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому району (далее-служащие).
      2. Государственные органы с учетам специфики своей деятельности разрабатывают и утверждают методики оценки деятельности служащих корпуса "Б" на основе настоящей Методики
      3. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      4. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      5. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, акимов поселка, сельских округов, оценка проводится акимом района либо по его уполномочию одним из его заместителей.
      6. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по ежегодной оценке деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" по Курчумскому району (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      10. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима Курчумскому района.
      Секретарем Комиссии является сотрудник кадровой службы (далее -кадровая служба). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Кадровая служба формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Кадровая служба уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от кадровой службы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в кадровую службу в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником кадровой службы и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется кадровой службой не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      15. Лица, указанные в пункте 13 к настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в кадровую службу в течение двух рабочих дней со дня их получения от кадровой службы.
      17. Кадровая служба осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      18. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется кадровой службой не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
       где a – итоговая оценка служащего,
       b – оценка непосредственного руководителя,
       c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Кадровая служба обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 11 настоящей Методики.
      Кадровая служба предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1)заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.При этом не допускается снижение оценки служащего.
      23. Кадровая служба ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником кадровой службы в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      24. Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      25. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      25. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Восточно-Казахстанской области осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Восточно-Казахстанской области в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Восточно-Казахстанской области.

  Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
по Курчумскому району

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ___________________
      Должность оцениваемого служащего: __________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 

      

Ознакомлен(а):
Служащий
Ф.И.О. (при его наличии) ____
дата _______________________
подпись ____________________
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии) ________
дата ____________________________
подпись ________________________

  Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
по Курчумскому району

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________


п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

      

  Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
по Курчумскому району

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________
(наименование государственного органа)


п/п
Ф.И.О.
(при его наличии)
служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии: _______________________ Дата: _____________
(Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии: _____________________ Дата: ____________
(Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии: _____________________________ Дата: _____________
(Ф.И.О. (при его наличии), подпись)