"Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 73 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 3938 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 13.05.2016 № 141 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көкпекті ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Р.Сагандыков

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы " 08 " 04
№ 73 қаулысымен бекітілген      

"Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Көкпекті ауданы аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 42.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Көкпекті ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады. 
      "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Көкпекті ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдейді;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (залалсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді;
      6) Көкпекті ауданының шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      iшкi сауда объектiлерiнде;
      жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды;
      12) Көкпекті ауданының аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      13) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
      17) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Ветеринария бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде ветеринария бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария бөлімнің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ветеринария бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде ветеринария бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Ветеринария бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, ветеринария бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Көкпекті ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның басқаруындағы ұйымдардың тізілімі

      25. Көкпекті ауданы әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкпекті мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Кокпектинского района"

Постановление акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 08 апреля 2015 года № 73. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 14 мая 2015 года № 3938. Утратило силу - постановлением акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 13 мая 2016 года № 141

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 13.05.2016 № 141 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Кокпектинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Кокпектинского района", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима Кокпектинского района Р. Сагандыков

  Утверждено
  постановлением акимата
  Кокпектинского района
  от 08.04 2015 года № 73

      

Положение о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Кокпектинского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в сфере ветеринарии на территории Кокпектинского района.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 071000, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Кокпектинский район, село Кокпекты, улица Аухадиева, 42.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района".
      11. Учредителем государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" является государство в лице местного исполнительного органа Кокпектинского района.
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" осуществляется из местного бюджета Кокпектинского района.
      Государственному учреждению "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района".
      13. Режим работы государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения

      14. Миссия государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района": обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области ветеринарии.
      15. Задачи государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района":
      1) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      2) защита животных от болезней и их лечение;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территории Кокпектинского района от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      16. Функции государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района":
      1) организовывает отлов и уничтожение бродячих собак и кошек;
      2) организовывает строительство скотомогильников (биотермических ям) и обеспечивает их содержание в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      3) организовывает хранение ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      4) обезвреживает (обеззараживает) и перерабатывает без изъятия животных, продукцию и сырье животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      5) возмещает владельцам стоимость обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      6) организовывает и осуществляет государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах Кокпектинского района;
      7) проводит обследование эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      8) выдает акты эпизоотологического обследования;
      9) осуществляет государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах Кокпектинского района, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      10) осуществляет государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      11) составляет акты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      12) организовывает проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории Кокпектинского района;
      13) организовывает проведение ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      14) организовывает проведение мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      15) организовывает санитарный убой больных животных;
      16) принимает уведомления от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведет государственный электронный реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      17) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района":
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района".

3. Организация деятельности государственного учреждения

      18. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Кокпектинского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района":
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района";
      5) представляет интересы государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением Кокпектинского районного акимата;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения

      21. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии Кокпектинского района", относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      24. Реорганизация и упразднение Государственного учреждения "Отдел ветеринарии Кокпектинского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Перечень организации находящихся в ведении государственного учреждения

      25. Коммунальное государственное предприятие Кокпектинского районного акимата "Көкпекті мал дәрігері" на праве хозяйственного ведения.