РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 тіркелген, "Новая жизнь" және "Жұлдыз" газеттерінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-19 жарияланған).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқырушы | Р. Сагандыков |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08. 04. № 72 қаулысымен бекітілді |
"Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Көкпекті ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.2. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 44.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
12. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Көкпекті ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
"Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі, ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Көкпекті ауданы аумағында білім, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.16. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
7) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
8) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
9) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
10) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.
17. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қолдайды;
5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
7) аудан (қала) ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
8) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
11) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
12) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
14) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
15) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды қамтамасыз етеді;
18) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
19) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
20) Көкпекті ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
21) Көкпекті ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
22) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
23) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi сияқты бiлiктiлiк санаттарын бередi;
24) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
25) Көкпекті ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімде және формада Көкпекті ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
27) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
28) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
29) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
30) Көкпекті ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
31) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
32) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
33) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқару "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
"Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.6. "Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі
1. "Көкпекті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;2. "Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. "М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. "Үлкенбөкен "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. "Преображенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. "Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. "Абай атындағы "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. "Аманкелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. "Көкжайық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. "Мариногорка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. "Октябрь "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. "Көкжота орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. "Казнаковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. "Амангелді орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. "№1 Самар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. "Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. "Миролюбовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22. "Палатцы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. "Новотимофеевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24. "Шәріптоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25. "Куйбышев атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26. "Воздвиженка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27. "Жұмба негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28. "Қараөткел негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29. "Пантелеймоновка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30. "Раздольное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31. "Подгорное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32. "Қаракөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33. "Романов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34. "Самар бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35. "Жаңажол бастауыш шағын комплектілі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36. "Үшкөмей бастауыш шағын комплектілі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37. "С.Сейфуллин атындағы шағын комплектілі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38. "Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39. "Спорттық-сауықтыру кешені "Балауса-Көкпекті" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны;
40. "Шуақты Шұғыла" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны;
41. "Балерке" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны;
42. "Дәншік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны;
43. "Балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны;
44. "Көкпекті ауданы бойынша №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45. "Көкпекті ауданы бойынша №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46. "Ұлттық спорт түрлері бойынша "Дархан" клубы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны.