Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 24.10.2018 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 қарашадағы № 216 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3559 нөмірімен тіркелген, "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 98-99 сандарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы";
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Андамасов |
Ұлан аудандық маслихат | |
Хатшысы | Н. Сейсембина |
Ұлан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 233 шешiмiне қосымша |
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулысына және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 185 қаулысына сәйкес әзiрлендi және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындайды.
2. Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн болашақта жүргізілетін күрделi жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
5) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
6) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы.
3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) немесе "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9- тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
6. Тұрғын үй көмегі тоқсандағы құжат өткізген уақытына қарамастан тоқсан сайын көрсетіледі және тоқсанға тағайындалады. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі, қажетті құжаттар тізбесімен қоса өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
7. Тұрғын үй көмегі:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды, мүгедектiк тобы жоқ, бірақ фтизиатрда, наркологта және онкологта диспансерлiк есепте тұрған тұлғалар;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген отбасыларға көрсетілмейді.
8. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
9. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
10. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
11. Тұрғын үй көмегiнiң негiзсiз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi
12. Тұрғын үй көмегi отбасының (азаматтардың) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу шығындарының сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
14. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде келесi нормалар есепке алынады:
1) тұрғынжайдың жалпы алаңы:
жалғыз өзі тұратын азаматтар үшiн - 35 шаршы метр,
екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 36 шаршы метр,
үш адамнан тұратын отбасы үшiн - 54 шаршы метр,
төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден, бiрақ 90 шаршы метрден аспау керек;
2) бір айда электр қуатын тұтыну нормасы:
жалғыз өзі тұратын азаматтар үшін - 90 киловатт,
екі адамнан тұратын отбасы үшін (әрқайсысына) - 85 кВт киловатт,
үш адамнан тұратын отбасы үшін (әрқайсысына) - 75 киловатт,
төрт және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 50 киловаттан, бiрақ 250 киловаттан аспауы керек.
3) айына бір адамға газдың шығын нормасы - 7,6 кг.
15. Тұрғынжайдың жалпы алаңының 1 шаршы метріне көмiрдiң шығыны – 129,8 килограмм, бiрақ бiр үйге 5000 килограммнан артық емес.
16. Сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысты әкету, лифт қызметі және телекоммуникациялық қызметтер үшін шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтерімен ескеріледі.
17. Тас көмiрдiң құнын есептеу үшiн Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ұсынған аудан бойынша тұрғын үй көмегi есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсандағы тас көмірдің орташа бағасы алынады.
18. Иелері өздері жылытатын тұрғын үйде (ғимаратта) отынның тас көмірден басқа түрлері қолданылса, тұрғын үй көмегін есептеген кезде олардың құны мен шығын нормасы тас өмiрдiң құнына балама есептеледi.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматың) жиынтық табысын есептеу тәртібі
19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес (2012 жылғы 06 ақпандағы № 7412 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) есептеледі.
5. Тұрғын үй көмегін төлеу
20. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
6. Қорытынды ережелер
21. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.