"Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы N 203 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 сәуірдегі N 3807 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 09.03.2016 № 92 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39- бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 549 ""Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Батырбаев

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 наурызағы
№ 203 қаулысымен
бекітілді

"Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Ұлан ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071600, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кеңті, № 5 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Ұлан ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Бөлімнің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерімен анықталған:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашу;
      3) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру;
      4) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      5) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
      6) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
      7) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
      8) мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесу;
      9) халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру, халықтың дәрменсiз топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, қайырымдылық көмек көрсету.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      2) Ұлан ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;
      3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдайды;
      4) қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады;
      5) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      6) жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады;
      7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады;
      8) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
      9) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      11) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Ұлан ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімге қарасты ұйымдардың тізбесі

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Уланского района"

Постановление Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 12 марта 2015 года N 203. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 02 апреля 2015 года N 3807. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 09 марта 2016 года № 92

      Сноска. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 09.03.2016 № 92.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Уланского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить положение государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Уланского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Постановление акимата Уланского района от 9 января 2013 года № 549 "" Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Уланского района" отменить.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Р. Мамырбаеву.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима Уланского района Д. Батырбаев

  Утверждено постановлением
акимата Уланского района
от 12 марта 2015 года № 203

Положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Уланского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Уланского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в реализации единой государственной политики в области занятости и социальных программ на территории Уланского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 071600, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Уланский район, поселок Касым Кайсенова, дом № 5.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Уланского района".
      10. Учредителем Отдела является Государство в лице местного исполнительного органа Уланского района
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Уланского района.
      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      14. Режим работы Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия Отдела: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области занятости и социальной защиты населения.
      16. Задачи Отдела определены Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О занятости населения" от 23 января 2001 года, "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" от 13 апреля 2005 года и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан:
      1) обеспечение равных возможностей гражданам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим в Республике Казахстан, на свободный выбор рода деятельности и профессии, справедливых и благоприятных условий труда, социальной защиты от безработицы; 
      2) обеспечение продуктивной занятости, сокращение безработицы, содействие в создание рабочих мест; 
      3) формирование единой информационной базы рынка труда;
      4) координация деятельности государственных органов по разработке и реализации мер, обеспечивающих занятость населения и осуществление контроля за их выполнением;
      5) обеспечение участия представителей работодателей, работников и общественных организаций в разработке и реализации государственной политики занятости;
      6) обеспечение гарантированности социальной защиты, доступности медицинской, социальной и профессиональной реабилитации;
      7) обеспечение доступности и равноправия инвалидов, наряду с другими гражданами, на охрану здоровья, образование и свободный выбор рода деятельности, в том числе трудовой;
      8) взаимодействие с общественными объединениями и иными организациями, осуществляющими функции по защите прав и законных интересов инвалидов;
      9) реализация программ социальной защиты населения, оказания государственной адресной социальной помощи социально уязвимым слоям населения, оказание благотворительной помощи.
      17. Функции Отдела:
      1) оказывает жилищную помощь за счет средств местного бюджета;
      2) ежегодно определяет целевые группы, проживающие на территории Уланского района и социальные меры по их защите;
      3) поддерживает создание дополнительных рабочих мест через развитие индивидуального предпринимательства, малого и среднего бизнеса;
      4) организует общественные работы;
      5) организует социальные рабочие места;
      6) организует молодежную практику;
      7) реализует программы содействия занятости населения и снижения бедности;
      8) решает вопросы социальной защиты населения, охраны материнства и детства, оказывает адресную помощь социально уязвимым слоям населения, координирует оказание им благотворительной помощи;
      9) организует работы по оказанию мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающих и проживающих в сельских населенных пунктах;
      10) реализует государственную политику в сфере предоставления специальных социальных услуг;
      11) обеспечивает реализацию региональных программ реабилитации инвалидов;
      12) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      13) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности Отдела:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.
      3. Организация деятельности государственного органа
      19. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Уланского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Первый руководитель Отдела имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников Отдела;
      5) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Уланского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      25. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении Отдела

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр занятости" акимата Уланского района.