Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда N 4316 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 02 ақпандағы N 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің 02.02.2016 N 4 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 29 қазандағы № 403 ұсынысына сәйкес, Айыртау ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Айыртау ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісіне (Т. Жеңісхан) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Округ әкімі С. Калелова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Ұлан аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Б. Куреншинов
      "14" желтоқсан 2015 жыл
      Айыртау ауылдық округі ветеринариялық
      пунктінің меңгерушісі Т. Жеңісхан
      "14" желтоқсан 2015 жыл

Об установлении ограничительных мероприятии в селе Новая Канайка Айыртауского сельского округа Уланского района

Решение акима Айыртауского сельского округа Уланского района Восточно-Казахстанской области от 14 декабря 2015 года N 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 08 января 2016 года N 4316. Утратило силу - решением акима Айыртауского сельского округа Уланского района Восточно-Казахстанской области от 02 февраля 2016 года № 4

      Сноска. Утратило силу - решением акима Айыртауского сельского округа Уланского района Восточно-Казахстанской области от 02.02.2016 № 4.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", представлением руководителя государственного учреждения "Уланская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 29 октября 2015 года № 403 аким Айыртауского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Установить ограничительные мероприятия в селе Новая Канайка Айыртауского сельского округа Уланского района в связи с возникновением заболевания бруцеллеза крупно-рогатого скота.
      2. Рекомендовать заведующему ветеринарным пунктом Айыртауского сельского округа коммунального государственного предприятия "Ұлан мал дәрігері" (Т. Жеңісхан), организацию и проведение соответствующих мероприятий.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Айыртауского сельского округа С. Калелова
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного учреждения
      "Уланская районная территориальная инспекция
      Комитета ветеринарного контроля и надзора
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан" Б. Куреншинов
      "14" декабря 2015 год
      Заведующий ветеринарным пунктом
      Айыртауского сельского округа Т. Жеңісхан
      "14" декабря 2015 год.