"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 11 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 3787 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.12.2016 № 377 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Ж. Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Батыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 11 қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
      3. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері.

      14. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;
      2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;
      3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;
      5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
      6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
      7) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
      8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
      9) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
      10) заңнамамен көзделген жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді;
      11) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
      12) заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      13) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
      14) жұмыс өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органның қызметі бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      15) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар алады;
      16) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      17) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізеді;
      2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;
      3) мемлекеттік органдарда, сотта "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
      5) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері, жобалау-сметалық құжаттамасы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы, жұмысқа тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұратады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 20 января 2015 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 29 января 2015 года № 3787. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2016 года № 377

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 29.12.2016 № 377 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Гражданским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области".
      2. Руководителю отдела государственно-правовой работы аппарата акима Западно-Казахстанской области (Рахметова Г.Ж.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Шапкенова С.Ж.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким области Н. Ногаев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 20 января 2015 года № 11

Положение о государственном учреждении
"Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области"

      Сноска. Положение - в редакции постановления акимата Западно-Казахстанской области от 09.02.2016 № 30 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственных закупок в Западно-Казахстанской области.
      2. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 090000, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Х. Чурина, 116.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного учреждения "Управление государственных закупок
Западно-Казахстанской области".

      14. Миссия государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области": выполнение процедур организации и проведения государственных закупок на территории области.
      15. Задачи:
      1) реализация государственной политики в сфере государственных закупок.
      16. Функции:
      1) организует и проводит государственные закупки в соответствии с действующим законодательством;
      2) на основании разработанного и утвержденного заказчиком годового плана государственных закупок, проводит государственные закупки способами предусмотренными действующим законодательством;
      3) разрабатывает и утверждает конкурсную документацию (аукционную документацию) на казахском и русском языке на основании представленного заказчиком задания, содержащего документы, установленные правилами осуществления государственных закупок;
      4) размещает на веб-портале государственных закупок объявления о проведении государственных закупок;
      5) направляет заказчику запросы и замечания со стороны лиц, автоматически зарегистрированных на веб-портале государственных закупок, получивших конкурсную документацию (аукционную документацию) к проекту договора о государственных закупках и (или) технической спецификации конкурсной документации (аукционной документации);
      6) в случае необходимости вносит изменения и (или) дополнения в конкурсную документацию (аукционную документацию);
      7) зачисляет в доход соответствующего бюджета либо возвращает потенциальному поставщику обеспечение заявки на участие в электронных государственных закупках способом конкурса или аукциона, в случаях, предусмотренных законодательством;
      8) определяет и утверждает состав конкурсной комиссии (аукционной комиссии);
      9) направляет приглашение потенциальным поставщикам, представившим на первом этапе технические предложения, принять участие во втором этапе государственных закупок способом конкурса с использованием двухэтапных процедур;
      10) при осуществлении государственных закупок способом из одного источника в случаях, предусмотренных законодательством, направляет потенциальному поставщику приглашение посредством веб-портала государственных закупок принять участие в государственных закупках;
      11) определяет победителя государственных закупок способом конкурса (аукциона);
      12) осуществляет государственные закупки отдельных видов товаров, работ, услуг в установленном законодательством порядке;
      13) обращается с иском в суд о признании потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником государственных закупок в случаях предусмотренных действующим законодательством;
      14) осуществляет внутренний контроль по направлениям деятельности государственного органа с целью повышения качества и производительности его работы;
      15) принимает меры по устранению причин и условий, способствующих совершению правонарушений;
      16) обеспечивает организацию правового воспитания граждан;
      17) в соответствии c пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) вносит на рассмотрение акимата и акима области предложения по основным направлениям развития, решению вопросов в сфере государственных закупок на территории Западно-Казахстанской области;
      2) запрашивает и получает в установленном порядке по согласованию с государственными органами, должностными лицами, организациями и гражданами информацию по вопросам, связанным с исполнением задач, поставленных перед государственным учреждением "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      3) представляет интересы государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" в государственных органах, суде;
      4) заключает договоры, соглашения в пределах своей компетенции;
      5) запрашивает информацию необходимую для организации и проведения единых государственных закупок по бюджетным программам и (или) товарам, работам, услугам, определяемым акиматом Западно-Казахстанской области, в том числе о годовом плане государственных закупок товаров, работ и услуг, технической спецификации закупаемых товаров, работ и услуг, проектно-сметной документации, проекте договора о государственных закупках, привлеченных экспертах или экспертной комиссии, а также иную дополнительную информацию;
      6) осуществляет иные права и обязанности, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области"

      18. Руководство государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Западно-Казахстанской области в установленном законодательством порядке.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области", несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" задач и осуществления им своих функций;
      2) определяет обязанности, полномочия руководителей отделов и работников государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      3) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;
      4) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      6) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      8) представляет государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" в государственных органах и иных организациях;
      9) первый руководитель государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" проводит работу по вопросам гендерной политики и несет персональную ответственность в этом направлении;
      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;
      11) контролирует ход исполнения нормативных правовых актов, проектов программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области";
      12) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет и другие полномочия.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения
"Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области"

      23. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление государственных закупок Западно- Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения
"Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области"

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление государственных закупок Западно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.