Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 26-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 4074 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2017 № 11-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңдарына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10886 тіркелген) сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 211 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Илимисов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика вице министрі
_________________Қ. Өскенбаев
01.09.2015 ж.

  Батыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 26-4
шешімімен бекітілген

Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Батыс Қазақстан облысының
қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Батыс Қазақстан облысының аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі - Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Батыс Қазақстан облысының аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс, мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың және іс-шаралардың жиынтығы;
      2) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
      3) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
      4) жасыл екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
      5) жасыл екпелерді жою - жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
      6) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау - жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
      7) жасыл екпелерді сақтау - абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
      8) жалпы пайдаланымдағы жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпы пайдаланымдағы инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
      9) көгалдандырылған аумақ - табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
      10) қатты тұрмыстық қалдықтар - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
      11) өтемдiк көгалдандыру - жойылған немесе зақымданған жасыл екпелердің орнына жасыл екпелерді отырғызу;
      12) өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
      13) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
      14) уәкілетті орган - табиғатты пайдалануды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
      15) ұйым - жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      16) шағын сәулеттік нысандар - декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
      17) іргелес аумақ - ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

2-бөлім. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау

      4. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады.
      5. Жасыл екпелердің тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлеспейтін көгалдандырылған аумақтарды және жасыл алқаптарды пайдалануға жол берілмейді. Көгалдандырылған аумақтарды дамыту елді мекенді көгалдандырудың ұзақ мерзiмдi кешендi схемасына сәйкес жүргiзiледi.
      6. Көгалдандыру бойынша барлық жұмыстың түрлерiн жұмыс сызбаларына сәйкес бекітілген жобалар бойынша орындаған жөн. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын жұмыстардың сапасына және бекiтiлген жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуіне Заңға сәйкес авторлық қадағалау жүргізіледі.
      7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін қамтиды:
      1) жасыл екпелерді отырғызу;
      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау;
      3) гүлдерді, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу;
      4) барлық вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
      5) жасыл екпелерді қырқу, қайта отырғызу, кесу (апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитариялық кесу);
      6) тыңайтқыштарды салу;
      7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
      8. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиясы сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
      9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
      10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
      11. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу жүргізіледі.
      12. Жасыл екпелерді кесу мынадай:
      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
      3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
      4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
      5) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
      13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі және ғимараттар, құрылыстар, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде ағаштар апатты құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесілі ұйымға немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша ұйымдарға жүктеледі.
      14. Өскен немесе зақымдалған жасыл екпелер өздігінен құлаған жағдайда, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      15. Қаланың және елді мекеннің аумақтарында өтемдік отырғызу жүргізу үшін уәкілетті орган арнайы учаскелерді айқындайды.
      16. Жалпыға ортақ және арнайы пайдаланылатын жерлерде өтемдік отырғызуларды жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-баптауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.

3-бөлім. Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

1-тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      17. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.
      18. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.
      19. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

2-тарау. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      20. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
      21. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
      22. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
      23. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
      24. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
      25. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
      26. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
      27. Жерүсті инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
      28. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді.
      29. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып және абаттандырылуы тиіс.

3-тарау. Қалдықтарды жинау және шығару

      30. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.
      31. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.
      32. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгіленген орынға өз бетінше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.
      33. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн.
      34. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
      35. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, үй иелерінің кәрізденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
      36. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
      37. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды.
      38. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
      39. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
      40. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:
      1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
      41. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
      42. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық көп келетін орындарда құтылар бір бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құты орнатылады.
      43. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады.
      Құтылар ластану деңгейіне қарай, бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.

4-тарау. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      44. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
      45. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс.

5-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      46. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.
      47. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

6-тарау. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      48. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
      49. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.
      50. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
      51. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
      52. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
      53. Субұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
      54. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.
      55. Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне сәйкес осы қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар жауапкершілік алады.

Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 августа 2015 года № 26-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 2 октября 2015 года № 4074. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 26 июня 2017 года № 11-5.

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 26.06.2017 № 11-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 5 июля 2014 года, Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О нормативных правовых актах" от 24 марта 1998 года, "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" от 16 июля 2001 года, приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий городов и населенных пунктов" от 20 марта 2015 года № 235 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2015 года № 10886) и на основании постановления акимата Западно-Казахстанской области от 11 августа 2015 года № 211 Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области.
      2. Руководителю аппарата областного маслихата (Султанов А.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии И. Илимисов
      Секретарь
областного маслихата
М. Құлшар

      "СОГЛАСОВАНО"
Вице Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
___________________К. Ускенбаев
01.09.2015 г.

  Утверждены решением
Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 28 августа 2015 года № 26-4

Правила содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий
городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области

Раздел 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий Западно-Казахстанской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 1 июля 1999 года, Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, Экологическим Кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон), от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и иными нормативными правовыми актами.
      2. Правила определяют порядок и регулируют отношения в сфере содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий Западно-Казахстанской области.
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) благоустройство - совокупность работ и мероприятий осуществляемых в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства, нормального использования по назначению, созданию здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;
      2) омолаживание - сильное укорачивание скелетных и полускелетных ветвей, прореживание и регулирование побегов, обрезка ствола на высоте не менее 3,5 метров у взрослых деревьев, пригодных для омолаживания со здоровыми штамбами и стволами, потерявшими свои декоративные качества вследствие усыхания вершин и ветвей;
      3) зеленый массив - озелененная территория, насчитывающая не менее 50 экземпляров деревьев на территории не менее 0,125 гектар, независимо от видового состава;
      4) зеленые насаждения - древесно-кустарниковая и травянистая растительность естественного происхождения и искусственно высаженные, которые в соответствии с гражданским законодательством являются недвижимым имуществом и составляют единый городской зеленый фонд;
      5) уничтожение зеленых насаждений - повреждение зеленых насаждений, повлекшее их гибель;
      6) содержание и защита зеленых насаждений - система правовых, административных, организационных и экономических мер, направленных на создание, сохранение и воспроизводство зеленых насаждений (в том числе компенсационное восстановление зеленых насаждений взамен уничтоженных или поврежденных), озелененных территорий и зеленых массивов;
      7) сохранение зеленых насаждений - комплекс мероприятий, направленный на сохранение особо ценных пород насаждений, попадающих под пятно благоустройства и строительных работ.
      8) земли общего пользования - земли занятые и предназначенные для занятия площадями, улицами, тротуарами, проездами, дорогами, набережными, парками, скверами, городскими лесами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами и объектами, предназначенными для удовлетворения нужд населения (инженерные системы общего пользования);
      9) озелененные территории - участок земли, на котором располагается растительность естественного происхождения, искусственно созданные садово-парковые комплексы и объекты, бульвары, скверы, газоны, цветники;
      10) твердые бытовые отходы - коммунальные отходы в твердой форме;
      11) компенсационная посадка - посадка зеленых насаждений взамен уничтоженных или поврежденных;
      12) проезд - элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;
      13) тротуар - элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;
      14) уполномоченный орган - местный исполнительный орган, осуществляющий функции в сфере регулирования природопользования, жилищно-коммунального хозяйства;
      15) организация - субъект частного предпринимательства, осуществляющий необходимую для проводимых работ деятельность, имеющее материальные и квалифицированные трудовые ресурсы либо юридическое лицо, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица;
      16) малые архитектурные формы - объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);
      17) прилегающая территория - территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и иным объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у юридических или физических лиц.

Раздел 2. Содержание и защита зеленых насаждений

      4. Все зеленые насаждения, за исключением зеленых насаждений, произрастающих на особо охраняемых природных территориях республиканского и местного значения, территориях индивидуального жилья и личного подсобного хозяйства, на дачных участках и на участках кладбищ, находящихся в ведении коммунальных служб образуют единый зеленый фонд и подлежат защите.
      5. Использование озелененных территорий и зеленых массивов, не совместимое с обеспечением жизнедеятельности зеленых насаждений, не допускается. Развитие озелененных территорий производится в соответствии с долгосрочной комплексной схемой озеленения населенного пункта.
      6. Все виды работ по озеленению следует выполнять по утвержденным проектам, в соответствии с рабочими чертежами. При ведении работ по озеленению и благоустройству, за качеством и соответствием выполняемых работ утвержденному проекту, рабочим чертежам ведется авторский надзор в соответствии с Законом.
      7. Содержание зеленых насаждений включает в себя основные виды работ по озеленению:
      1) посадка зеленых насаждений;
      2) рыхление почвы с устройством приствольных лунок, побелка деревьев;
      3) устройство цветников, газонов, прополка сорняков, покос травы;
      4) полив зеленых насаждений на протяжении всего вегетационного периода;
      5) обрезка, пересадка, снос (санитарная рубка аварийных, сухостойных, перестойных деревьев и кустарников) зеленых насаждений;
      6) внесение удобрений;
      7) борьба с вредителями и болезнями зеленых насаждений.
      8. Пересадка зеленых насаждений осуществляется в течение года при условии соблюдения специальных технологий пересадок. В целях эффективной приживаемости деревьев лиственных и хвойных пород их пересадку рекомендуется проводить в период с наступления осени до ранней весны.
      9. Работы по омолаживанию деревьев и прореживание густо произрастающих деревьев проводятся до начала вегетации или поздней осенью.
      10. При производстве строительно-монтажных работ все насаждения, подлежащие сохранению на данном участке, предохраняются от механических и других повреждений специальными защитными ограждениями, обеспечивающими эффективность их защиты.
      11. В случае невозможности сохранения зеленых насаждений на участках, отводимых под строительство или производство других работ, производится вырубка или пересадка зеленых насаждений.
      12. Вырубка зеленых насаждений осуществляется в случаях:
      1) обеспечения условий для размещения объектов строительства, предусмотренных утвержденной и согласованной градостроительной документацией;
      2) обслуживания объектов инженерного благоустройства, надземных коммуникаций;
      3) ликвидации аварийных и чрезвычайных ситуаций, в том числе на объектах инженерного благоустройства;
      4) необходимости улучшения качественного и видового состава зеленых насаждений;
      5) санитарной вырубки старых насаждений, создающих угрозу безопасности здоровью и жизни людей, а также могущих повлечь ущерб имуществу физическому и юридическому лицу.
      13. В случае аварийного падения деревьев, в результате ветровала и других случаев природного характера, дорожно-транспортных происшествий, уборка упавшего дерева, своевременная санитарная очистка места падения и вывоз древесных остатков на землях общего пользования и на территориях зданий, сооружений, многоэтажных жилых домов возлагается на организации по обслуживаемым участкам или на организации, которым принадлежит данная территория, в границах права землепользования.
      14. В случае естественного падения произрастающих или поврежденных зеленых насаждений, при невозможности установления виновных лиц, восстановление зеленых насаждений производится за счет средств местного бюджета.
      15. Для проведения компенсационных посадок на территории города и населенного пункта уполномоченным органом определяются специальные участки.
      16. Компенсационные посадки на землях общего и специального пользования проводятся организациями, осуществляющими озеленение, уход и содержание зеленых насаждений на землях общего пользования.

Раздел 3. Благоустройство территорий городов и населенных пунктов

Глава 1. Обеспечение чистоты и порядка

      17. Юридические и физические лица соблюдают чистоту и поддерживают порядок на всей территории, в том числе на территориях частных домовладений, не допускают повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода).
      18. Текущее санитарное содержание местности осуществляется организациями, осуществляющими деятельность в данной сфере.
      19. Физические и юридические лица всех организационно-правовых форм, в том числе владельцы капитальных и временных объектов:
      1) обеспечивают санитарное содержание и благоустройство отведенной территории за счет своих средств самостоятельно либо путем заключения договоров с организациями;
      2) бережно относятся к объектам любой собственности, информируют соответствующие органы о случаях причинения ущерба объектам государственной собственности;
      3) содержат в технически исправном состоянии и чистоте таблички
с указанием улиц и номеров домов;
      4) содержат ограждения (заборы) и малые архитектурные формы в надлежащем состоянии (покраска, побелка с внешней стороны ограждения (забора).

Глава 2. Организация уборки территорий

      20. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды работ:
      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;
      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;
      3) подметание;
      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;
      5) ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.
      21. Уборка территорий общего пользования, занятых парками, скверами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами, в том числе расположенными на них тротуарами, пешеходными зонами, лестничными сходами производится физическими и юридическими лицами и субъектами закрепления территорий, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации.
      22. Собственники объектов обеспечивают санитарную очистку и уборку прилегающей территории (автостоянки, боксовые гаражи, ангары, складские подсобные строения, сооружения, объекты торговли и услуг) организациями коммунального хозяйства или же производят ее самостоятельно.
      23. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов, остановочных площадок пассажирского транспорта производится организациями, ответственными за уборку и содержание проезжей части.
      24. Уборка и мойка остановочных комплексов и прилегающих к ним территорий на остановочных площадках общественного пассажирского транспорта, территорий платных автостоянок, гаражей, а также подъездных путей, прилегающей территории осуществляются их владельцами.
      25. Вывоз строительного мусора при проведении дорожно-ремонтных работ производится организациями, производящими эти работы.
      26. Во избежание засорения водосточной сети не допускается сброс мусора в водосточные коллекторы, дожде приемные колодцы и арычную систему.
      27. Владельцы и эксплуатирующие организации надземных инженерных сооружений обеспечивают санитарное содержание прилегающей территории в границах охранных зон инженерных сетей.
      28. Вывоз снега с улиц и проездов должен осуществляться на специально подготовленные площадки. Не допускается вывоз снега в не согласованные с местными исполнительными органами места.
      29. Места временного складирования снега после снеготаяния должны быть очищены от мусора и благоустроены.

Глава 3. Сбор и вывоз отходов

      30. Физические и юридические лица, в результате деятельности которых образуются отходы производства и потребления обеспечивают безопасное обращение с отходами с момента их образования. Физические и юридические лица складируют твердые бытовые отходы в контейнеры для твердых бытовых отходов.
      31. Вывоз твердых бытовых отходов осуществляется организациями в сроки, согласно утвержденного графика, установленного уполномоченным органом. Графики вывешиваются на площадках по сбору твердых бытовых отходов.
      32. Физическим и юридическим лицам, осуществляющим строительство и (или) ремонт недвижимых объектов, необходимо заключать договоры на утилизацию строительного мусора, производить его вывоз самостоятельно на определенные места или по договору с организацией, осуществляющей вывоз мусора.
      33. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта. Площадки для установки контейнеров имеют бетонное или асфальтированное покрытие и ограждение. Для сбора твердых бытовых отходов следует применять контейнеры с крышками.
      34. Не допускается сброс и складирование золы в контейнеры для твердых бытовых отходов и на контейнерные площадки.
      35. Твердые бытовые отходы вывозятся мусоровозным транспортом, жидкие отходы из не канализованных домовладений - ассенизационным вакуумным транспортом.
      36. Вывоз жидких отходов производится на специализированном автотранспорте в специально отведенные места. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения. Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.
      37. Жидкие бытовые отходы и крупногабаритный мусор не подлежит сбросу в мусоропровод.
      38. Эксплуатацию мусоропровода осуществляет эксплуатирующая организация, в ведении которой находится жилой дом.
      39. Физические лица обеспечивают безопасный сбор отработанных ртутьсодержащих ламп и приборов в специальные контейнеры для сбора ртутьсодержащих ламп и приборов, расположенных на территории контейнерных площадок.
      40. Организации, эксплуатирующие и обслуживающие контейнерные площадки и контейнеры:
      1) обеспечивают надлежащее санитарное содержание контейнерных площадок и прилегающих к ним территорий;
      2) производят их своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;
      3) принимают меры по обеспечению регулярной мойки, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух, грызунов мусороприемных камер, площадок, а также сборников отходов.
      41. Уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в мусоровоз, производят работники организации, осуществляющей вывоз твердых бытовых отходов.
      42. На вокзалах, рынках, в аэропорту, парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты устанавливаются урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 50 метров одна от другой в местах массового посещения населения; во дворах, в парках, на площадях на расстоянии от 10 до 100 метров. На остановках пассажирского транспорта и у входов в торговые объекты устанавливается по две урны.
      43. Установка, очистка и мойка урн производятся организациями, эксплуатирующими территории, либо во владении или пользовании которых находятся территории. Очистка урн производится по мере их заполнения, но не реже одного раза в день.
      Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.

Глава 4. Благоустройство улиц, жилых кварталов и микрорайонов

      44. Жилые зоны микрорайонов и кварталов оборудуются площадками для мусорных контейнеров, сушки белья, отдыха, игр детей, занятий спортом, выгула домашних животных, автостоянками, парковками, зелеными зонами.
      45. Количество, размещение и оборудование площадок должны соответствовать строительным и санитарным нормам.

Глава 5. Содержание фасадов зданий и сооружений

      46. Физические и юридические лица, в ведении которых находятся здания и сооружения, собственники зданий и сооружений обеспечивают своевременное производство работ по реставрации, ремонту и покраске фасадов указанных объектов и их отдельных элементов (балконы, лоджии, водосточные трубы), а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии расположенные на фасадах информационные таблички, памятные доски. Производится световое оформление витрин магазинов и офисов, выходящих фасадами на улицы.
      47. Самовольное переоборудование фасадов зданий и конструктивных элементов не допускается.

Глава 6. Содержание наружного освещения и фонтанов

      48. Включение наружного освещения улиц, дорог, площадей, набережных и иных освещаемых объектов производится при снижении уровня естественной освещенности в вечерние сумерки до 20 люкс, а отключение в утренние сумерки при ее повышении до 10 люкс по графику, утвержденному местным исполнительным органом.
      49. Элементы устройств наружного освещения и контактной сети, металлические опоры, кронштейны содержатся в чистоте, не имеют очагов коррозии и окрашиваются. Замена перегоревших светильников осуществляется соответствующими организациями.
      50. Вышедшие из строя газоразрядные лампы, содержащие ртуть хранятся в специально отведенных для этих целей помещениях и вывозятся на специальные предприятия для их утилизации. Указанные типы ламп на полигон не вывозятся.
      51. Вывоз сбитых опор освещения и контактной сети электрифицированного транспорта осуществляется владельцем опоры на основных магистралях незамедлительно; на остальных территориях, а также демонтируемых опор - в течение суток.
      52. Уполномоченный орган обеспечивает надлежащее состояние и эксплуатацию фонтанов находящихся в коммунальной собственности.
      53. Сроки включения фонтанов, режимы их работы, график промывки и очистки чаш, технологические перерывы и окончание работы определяются уполномоченным органом.
      54. В период работы фонтанов очистка водной поверхности от мусора производится ежедневно. Эксплуатирующие организации содержат фонтаны в чистоте также в период их отключения.
      55. В случае нарушения настоящих Правил физические и юридические лица несут ответственность согласно Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"