Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 39-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4182 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 06.04.2021 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-5 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3720 тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Жайық үні – Жизнь города" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасында:
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметті пайдалану және жалға берілетін үйлерде тұрғын жайды пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлі-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 7% көлемінде белгіленеді.";
      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "14. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтері мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі төленбеген коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.".
      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С. Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Айтуев
      Мәслихат хатшысы А. Әубекеров

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 25 ноября 2014 года № 30-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск"

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 3 декабря 2015 года № 39-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 18 декабря 2015 года № 4182. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 6 апреля 2021 года № 4-3

      Сноска. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 06.04.2021 № 4-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Уральского городского маслихата от 25 ноября 2014 года № 30-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3720, опубликованное 24 декабря 2014 года в газете "Пульс города") следующие изменения:
      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск, утвержденных указанным решением:
      пункт 7 изложить в новой редакции:
      "7. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилья, оплату коммунальных услуг и за пользование жилищем в арендных домах устанавливается в размере 10% к совокупному доходу семьи, а для одиноко проживающих и супружеских пар, пенсионеров, инвалидов независимо от причин заболевания и граждан, осуществляющих уход за таковыми, детей - круглых сирот, опекунов, проживающих с детьми, оставшимися без родителей до окончания учебного заведения очной формы в системе общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в системе высшего образования в пределах, не превышающих двадцатитрехлетнего возраста, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают несовершеннолетние дети или дети, воспитывающие детей до трех лет, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают лица, не превышающие двадцатитрехлетнего возраста, которые учатся в учебных заведениях очной формы обучения в системе общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в системе высшего образования, безработных женщин в возрасте старше 50 лет и мужчин старше 55 лет – 7%.";
      пункт 14 изложить в новой редакции:
      "14. При изменении доли предельно допустимых расходов семьи (граждан) на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, доходов семьи, а также ставок и тарифов на жилищно-коммунальные услуги, своевременно не учтенные доходы в предыдущих назначениях, уполномоченным органом производится перерасчет ранее назначенной помощи. Задолженность по коммунальным услугам, образовавшаяся до назначения жилищной помощи, не учитывается.".
      2. Руководителю аппарата Уральского городского маслихата (С. Давлетов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Айтуев
      Секретарь маслихата А. Аубекеров