Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3796 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З. Н. Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тайпақ ауылдық округінің әкімі | Б. Қдырғужин |