Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 13.02.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 8 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Г. Исатаева |