Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 375 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 3939 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 822 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 03.11.2015 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
      2. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі" және "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемелер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тусупкалиев

  2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 375 Бөрлі ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы қағида (бұдан әрі – Қағида) "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысына сәйкес әзірленген және Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
      Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген таным белгісі орнатылады.
      Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.
      Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
      Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері міндетті түрде ілесіп жүруі керек.
      3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
      4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.
      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
      7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасады.
      9. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.
      10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.
      Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
      11. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналар рұқсат етілмейді:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

  2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 375 Бөрлі аудан әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы


Қозғалыс бағыты

Аралықтығы

1
Жарсуат – Димитров

5 км

2
Димитров – Қарашығанақ

7 км

3
Жарсуат – Қарашығанақ

12 км

4
Бөрлі – Утвин

12 км

5
Бөрлі – Данилякөл

28 км

6
Бөрлі – Ақсай

35 км

7
Ақсай – Бестау

18 км

8
Ақсай – Жаңақоныс

18 км

9
Ақсай – Пепел

7 км

10
Аралтал – Пугачев

6,5 км

      

Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района

Постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 22 мая 2015 года № 375. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 июня 2015 года № 3939. Утратило силу - постановлением акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 3 ноября 2015 года № 822

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 03.11.2015 № 822 (постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района.
      2. Утвердить Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района.
      3. Государственным учреждениям "Отдел образования Бурлинского района Западно-Казахстанской области" и "Отдел экономики и финансов Бурлинского района Западно-Казахстанской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.
      4. Руководителю отдела государственно-правовой работы аппарата акима района (Дарисов А.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района А. Сафималиева.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района М. Тусупкалиев

  Утвержден постановлением
акимата Бурлинского района
№ 375 от 22 мая 2015 года

Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих
в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии Постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района.

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозка организованных групп детей осуществляется автобусами, имеющими не менее двух дверей, техническое состояние которых отвечает требованиям, установленным Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденными уполномоченным органом в области транспорта и коммуникаций.
      Автобусы, предназначенные для перевозки организованных групп детей, оборудуются проблесковым маячком желтого цвета. На этих автобусах спереди и сзади устанавливаются опознавательные знаки "Перевозка детей".
      К перевозкам организованных групп детей допускаются водители в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет.
      Количество перевозимых детей в автобусе не должно превышать количества посадочных мест.
      Колонны из двух и более автобусов, перевозящих детей на загородных дорогах, в обязательном порядке сопровождаются специальными автомобилями дорожной полиции.
      3. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      4. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      5. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      6. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не разрешается.
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      7. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      8. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.
      9. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      10. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.
      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      11. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:
      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

  Утвержден постановлением
акимата Бурлинского района
№ 375 от 22 мая 2015 года

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих
в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района


Маршруты движения

Расстояние

1
Жарсуат – Димитрово

5 км

2
Димитрово – Карачаганак

7 км

3
Жарсуат – Карачаганак

12 км

4
Бурлин – Утвинский

12 км

5
Бурлин – Даниляколь

28 км

6
Бурлин – Аксай

35 км

7
Аксай – Бестау

18 км

8
Аксай – Жанаконыс

18 км

9
Аксай – Пепел

7 км

10
Аралтал – Пугачево

6,5 км