Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қырқопа ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, С. Меңдешев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы С. Меңдешев ауылдық округі Қырқопа ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Мир" көшесі – "Жаңарған өңір" көшесі;
"Детсад" көшесі – "Болашақ" көшесі деп қайта аталсын.
2. С. Меңдешев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. Жусупкалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С. Меңдешев ауылдық | |
округ әкімі: | А. Ахметов |