Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4248 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 17-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж. Ж. Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Оразов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Тойшыбаев

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Решение Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 декабря 2015 года № 38-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 27 января 2016 года № 4248. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27 марта 2018 года № 17-12

      Сноска. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27.03.2018 № 17-12 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Каратобинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в десять раз, в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.
      2. Руководителю аппарата Каратобинского районного маслихата (Ж. Ж. Жангазиев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Оразов
      Секретарь районного маслихата Б. Тойшыбаев